Тимур(басын көтермейді). Менің Госстрахта ақшам бар...
Қамажай. Госстрах?
Нәзила. Вот страховщик! Залымын қарашыей өзінің.
Қамажай. Теміржан, көтер басыңды. Иә, жөнделіп тұр. Тоқтатыңдар
күлкіні. Енді, ағаңның алдына бар. Ең әуелі соның рұқсатын алуың
керек.
Тимур. Мен өзім де... солай етейін деп едім. Батылым жетпеді. (Омар- ға жақындайды). Ом, рұқсат бересің бе?
Омар (галстугын түзеп). Ім...мм... Отбасы – кішігірім мемлекет.
Оны басқару үшін жалғыз махаббат жеткіліксіз. Отбасы басшысының
бойында ұстамдылық, көрегендік, кешірімділік, мейірбандық сияқты
көптеген компоненттер жинақталуы тиіс. Оған қосымша, отбасы басшы
сы нәзік дипломат болғаны да жөн. Егер осы қасиеттер...
Тимур. Ом, бұл сенің рұқсат бермеймін деген сөзің емес пе?
Омар. Егер осы қасиеттер адам бойында қалыптасқан болса...
Тимур. Қалыптасқан.
Сұлтан. Оо, қалыптасқан, қалыптасқан. Үш айлық болды!
Омар. А?.. Мұндай жағдайда, мен өз тарапымнан інімнің үйленуіне
рұқсатымды беремін.
Сұлтан. Ура, жолдастар!
Нәзила. Гипгип, ура!
Қамажай. Сұлтанау, сонда, той қашан болмақшы? Асығыс емес пе,
әйтеуір?
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*Кни а е
ста ена иск
чите н б аз ате н х е
х
с
асн
иказа инист а б аз ани и науки ес уб ики Казахстан т 17 а 2019
а 217
144
Сұлтан. Жоқ, асығыс емес. Дайындалуға уақыттарыңыз бар. Бес
күннен соң.
Қамажай. Бес күннен соң?! Ойбайау, асығыс болғанда қандай бол
мақшы сонда? Енді қайттім? Дайындалу керек, онымұны сатып алу ке
рек... Ертең жұмысқа шығатын едім...
Нәзила. Бір күнге сұранасыз да.
Қамажай. Шықпай жатып па? Қызық болдыау, өзі. Телефон соғып
ескертейін десем, әлі ешқайсысын да танымаймын. Ертең ерте тұрып
барып айтармын енді.