149
Нәзила. Жоқ, мен ешқайда да кетпеймін.
Қамажай. Тентегімау, сонда тұрмысқа да шықпайсың ба?
Нәзила. Шықсам да, шықпасам да, өмір бойы сенің қасыңда боламын.
* * *
(Үйде той. Ұзын үстел лық толы. Қарсы беттегі қабырғада АНА
портреті. Оның астында «60 жас» деген жазу көрініп тұр. Көрші
әйел кіреді. Қолындағы гүлін үстел үстіндегі вазаға қояды).
Әйел. Бақыт деген осыау деймін,
Қамажай. Аналарыңның тойы
құтты болсын. Бәрін жеткіздің, бәрін өсірдің. Азамат деген сендейақ
болсын.
Қамажай. Көңіліңізге рақмет. Темір мен Омардың келетін уақыты
болды. Кешігіп жатыр.
Әйел. Келеді ғой. Қара шаңырақ оларды қайда жіберер дейсің. Әй,
Қамажай, өз дегеніңді орындап, бәрін жеткіздің. Омарың – ғалым,
Тимурың – бригадир, Нәзилаң – мұғалім, Ермек – оқушы. Енді... өзіңді
де ұмытпасаңшы. Саған ешкім ренжи қоймас.
Достарыңызбен бөлісу: