А. К. Маханова хормен ән айту тәрбиесі



бет17/34
Дата05.12.2023
өлшемі3,76 Mb.
#134645
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   34
Байланысты:
Оқу құралы

Қайталау үшін сұрақтар



  1. Интонациялау дегеніміз не?

  2. Мажор мен минордағы интонациялаудың айырмашылығы неде?

  3. Сүйемелдеусіз ән айту дегеніміз не?

  4. Әннің қандай үндестікте жазылғанын қалай анықтау керек?

  5. Ансамбль дегеніміз не, қандай ансамбль түрлерін білесіз?



12. БАЛА ДАУЫСЫН САҚТАЙ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Адам организміндегі дене мүшелері бір ғана емес, бірнеше қызмет атқарады. Өздерінің негізгі функциялары болып саналмайтын және дыбыс жасау мүшелеріне қатысы жоқ дене мүшелері ән айтуға қатысады.


Дыбыс жасауға қатысатын барлық мүшелердің жиынтығы дауыс аппаратын құрайды. Оның құрамына ауыз, мұрын қуысы, тамақ, көмей, жұтқыншақ, өкпе, кеуде бұлшық еті кіреді. Бұлар дауыс аппаратының бір бөлігі болып саналады және оған нерв жүйесі де кіреді. Нерв орталығы мида болады, ол дыбыс жасауға қатысатын барлық мүшелердің қызметін басқарып отырады.
Көмей дауыс желбезегі мен мойынның алдыңғы бөлігінде, кеңірдектің үстінде орналасқан (балаларда көмейі үлкендерге қарағанда 2 – 2,5 есе кіші болады). Көмей шеміршектен тұрады, шеміршек жүйесін екі дауыс желбезегі жалғап тұрады. Ішкі бұлшық еттер желбезек бойында орналасқан, сыртқы бұлшық еттер шеміршек астында орналасқан, олар, яғни бұлшық еттер дауыс желбезегін қозғалысқа келтіреді. Бұлшық еттің біреуі дауыс желбезегін жиырса, екіншісі жазады. Дауыс желбезегін қысқартатын бұлшық еттер де бар.
Ән айту кезіндегі тыныс алуда ауа жұту белсенді болады, ал желбезек астына ауа толып, оған қысым түсіреді. Бұл процесте дауыс желбезегі шыққан ауа қысымына қарсы тербеледі, яғни жиырылып, жазылады. Осы кезде ауа толқыны бірде қоюланады, бірде жазылады, ауа толқындары пайда болып, олар біздің құлағымызға дыбыс болып жетеді.
Кіші жастағы балалардың дауыс аппараты нәзік болады. Өзінің құрылысы бойынша оның механизмі қарапайым. Көмейде пайда болған дыбыс дауыс желбезегінің шетінің тербелісі негізінде жасалады. Желбезек толығымен жиырылмайды, дыбыс пайда болғанда, желбезектің ортасында шағын саңылау қалады. Көмейдің нерв бұлшық еттерінің дамуы әзірге осындай жиырылу түрін жүзеге асырады.
Дұрыс вокалдық тәрбие беруде дауысты қалыптастыру процесі ұлдарда да, қыздарда да бірқалыпты өтеді. Көмейде өте маңызды дауыстық бұлшық ет дамиды. Оның құрылымы бірте-бірте күрделене түседі, 12–13 жас шамасында дауыс желбезегінің жұмысын бұлшық ет басқара бастайды және ол қаттыланады.
Егер 1–сыныптан бастап ән айту тәрбиесі дұрыс жүргізілсе, онда 10-12 жаста балалардың дауысы өте жақсы шығады. Бұл кезең дауыстың «таза шығу» кезеңі деп аталады. Ұлдардың дауысы ерекше «күміс» сыңғырға ие болады, ал қыздардың дауысында жеке тембрлік реңктер байқалады.
Баланың орта және жоғары жас шамасында да дауыс бұлшық еттері қалыптасып болғанымен, олардың қатты, айқайлап ән айтуына болмайды. Осы жастағы балалар хормейстер мен музыка мұғалімінің: «Өзіңе зиян келтірме!» деген негізгі ережесін ұстану керек. Дауысқа қысым түсіріп, зорлап, күштеніп ән айтуға болмайды, ән айтуда дауысты бірқалыпты, еркін ұстау керек, сонда ғана жақсы вокалдық нәтижеге қол жеткіземіз.
Мұғалімнің міндеттерінің біріне ән айтушылардың дауысын сақтау және дауысқа ерекше қатынас дағдысын баулу кіреді. Осы мақсатта төмендегідей ережелерді басшылыққа алу қажет:
– суық, ызғары бар, шаңды және желдетілмеген бөлмеде ән айтуға болмайды (сабақ үшін бөлменің қалыпты ауа температурасы 16–18 градус болуы керек);
– әншілерді, әсіресе жоғарғы регистрде, ұзақ және қатты ән айтқызып жалықтырмау керек;
– ән айтуды демалыспен сабақтастырып отыру керек;
– хорға қатысушылармен әншінің күн тәртібі туралы әңгімелесу.
Жетекші орындалатын шығарманың өзінің диапазоны және тесситурасы ән айтушылардың вокалдық қабілетіне сай болуын жетекші қамтамасыз ету керек. Кейбір жағдайда, осы мақсатта шығарманы қолайлы, басқа сазға (тональностьке) ауыстыруға болады.
Төменгі сынып оқушыларының ән айту мүмкіндіктері мынадай:
Ән айту диапазоны 2–3 дыбыстан тұруы мүмкін, кейде октаваға дейін жетеді. Барлық баланың дауыс аппараты әлі қалыптасып болмайды, нәзіктілігімен ерекшелінеді. Дауыс желбезегінің шеті ғана жиырылады, соған байланысты дыбысталудың күші мен ұшқарылығы шектелген.
Сондықтан, сабақтың басында олардың «жұмыс диапазоны», кіші мектеп жасындағы балаларға тән болуы керек. Мысалы: бірінші октаваның ре – ля аралығы. Дауыс диапазонын кеңейту жоғарғы дыбыстарды (си бірінші, до екінші, тіпті ре екінші октавасы) біртіндеп қосу ретімен жүргізіледі. Бұл жаста бірінші октавадағы до-ны айту қиындық туғызады.
Кіші хор алдында дирижерлық қимылдарды меңгеру мен оларға деген жақсы реакцияны (көңіл бөлу, тыныс алу, кіріспе, алып тастау, фермата, пиано, форте, крещендо, диминуэндо т.б.) қалыптастыру міндеті болады. Фраза бойынша кең тыныс алуға ерекше назар аударылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет