А. М. Наурызбаева СӨйлеуді дамыту әдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет38/73
Дата15.04.2023
өлшемі1,37 Mb.
#83043
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   73
Байланысты:
httpswww.edulife.kzsabaq-kzattachmentsyleud-damytu-dstemelk-nsau.pdf

Сергіту жаттығуы:
Қорбаңдаған аюдың, 
Құлпынайы көп екен. 
Теріп-теріп алайық, 
Қалтамызға салайық. 
(Сергіту сәтін өлең шумағының ырғағымен қимыл-қозғалыс арқылы орындайды). 
Педагог балаларға ойын ойнауды ұсынады. 
Дидактикалық ойын: «Бұл ненің ізі?» 
Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін дамыту. 
Ойын шарты: Сөйлеуді дамыту дәптеріндегі «Бұл ненің ізі?» тапсырмасын орындату. 
Балалар дәптерді ашып, қай аңның ізі екенін сызып көрсетеді. 
3. Қорытынды кезең (рефлексия). Педагог сергіту жаттығуының қимылдарын анық, 
нақты етіп орындауға ұсыныс білдіру. 
№ 17
Білім беру салалары: Коммуникация, Шығармашылық, Денсаулық 
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Біз қалай, Аязатаны қарсы алдық?» 
Мақсаты
Жаңа жыл мерекесі жайлы түсінік беру.
Міндеттері: 
а) Өз тәжірибесіне сүйене отырып, әңгімелеуге үйрету. 
ә) Балалардың айтылған ойды тыңдауға және ұғынуға, әңгімеге араласып, сұрау және 
сұраққа жауап беру біліктерін дамыту; ересектермен қарым-қатысты жетілдіру. 
б) Бір-біріне жақсылық тілеуге тәрбиелеу. 


47 
Күтілетін нәтиже: 
біледі: дыбысты дұрыс айта білу;
түсінеді: әдемі безендіруді;
қолданады: толық сөйлемдер құруды.
Қолданылатын көрнекі құралдар: сөйлеуді дамыту дәптері, демонстрациялық 
құралдар 
Сөздік жұмыс:жаңа жыл, Ақшақар 
Билингвалды компонент:Аязата – Дед Мороз – Santa Claus 
 
ҰОҚ барысы:: 
1. Ұйымдастыру кезеңі 
Балаларды шеңберге тұрғызу. 
Кел, балалар, тұрайық, 
Шеңберімізді құрайық. 
Күлкі көңіл ашады, 
Күліп өмір сүрейік. 
(Ө. Тұрманжанов) 
Балалар шеңбер құрып, көңіл күйлерін көтеруге тырысады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет