А. М. Наурызбаева СӨйлеуді дамыту әдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы


біледі: мақал-мәтелді білу;  түсінеді



Pdf көрінісі
бет44/73
Дата15.04.2023
өлшемі1,37 Mb.
#83043
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   73
Байланысты:
httpswww.edulife.kzsabaq-kzattachmentsyleud-damytu-dstemelk-nsau.pdf

біледі: мақал-мәтелді білу; 
түсінеді: әңгімелеуді игереді; 
қолданады: сурет арқылы тақпақты жылдам жаттауды 
Қолданылатын көрнекі құралдар: қазақы көйлекте екі қуыршақ бірі үлкен, бірі 
кішкентай. 
Сөздік жұмыс: отбасы 
Билингвалды компонент: отбасы – семья – family 
 
ҰОҚ барысы:: 
1. Ұйымдасыру кезеңі 
Ғажайып сәт: Қонаққа екі қуыршақты алып келу. 
2. Негізгі кезең 
– Балалар, ең алдымен бізге қонақ келсе не істейміз? ( Амандасамыз). 
– Балалар, амандасудың да көптеген түрлері бар? ( Сәлеметсіз бе?, аман-есенсіз бе?, 
сәлем, ассалаумағалейкүм т.б.) 
– Ендеше, біз екі қонағымызды төрге шығарайық.
– Балалар, екі қыз апалы-сіңілі екен. Яғни екеуі де бір үйдің қызы екен. Енді осы екі 
қызға қарап отырып, шағын әңгіме құрайық. 
Әңгіме: «Айгөлек пен Айгүл» 
Бір үйде Айгүл деген қыз болыпты. Айгүлдің ақ түсті көйлегі, қызыл қамзолы, басында 
әдемі құндыздай бөрігі болыпты. 
Педагог: Иә, яғни Айгүл қазақтың ұлттық киімін киіп алыпты. Қараңдаршы қандай әдемі? 
Сендерде қазақтың ұлттық киімін кигенді ұнатасыңдар ма?
– Әрине. 
– Біздің ұлтымыз қалай аталушы еді? (Ұлтымыз қазақ, қазақ жерінде тұрамыз). 
– Ал біз қандай Республикада тұрамыз? (Қазақстан Республикасында тұрамыз). 
– Біздің жеріміз қандай? (Біздің жеріміз үлкен, кең-байтақ). 


53 
– Біз туған жерімізді, Отанымызды жақсы көреміз бе? (Әрине, жақсы көреміз, себебі біз 
осы жерде туылғанбыз). 
– Біздің жерімізде басқа ұлт өкілдері тұрады. Олар қандай ұлт өкілдері?
Балалар: орыс, татар, кәріс, ұйғыр, өзбек, қырғыз т.б. 
– Біз барлық ұлт өкілдерімен бірге тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз.
– Ал енді балалар, бізге келген екі қуыршақ қызды әңгімелейік. Айгүлдің шашы
қандай екен? (Айгүлдің шашы қара, бұрымды, қолаң және ұзын болып өріліпті). 
Көздері дөңгеленген, қиғаш қасы, қыр мұрынды, әдемі ауызы болыпты. Ол үнемі өзінің 
қасынан сіңлісін тастамайтын қыз екен. Оның сіңлісінің есімі – Айгөлек. 
Балалар сендер халық әні: «Айгөлек» әнін білесіңдер ме?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет