А. М. Наурызбаева СӨйлеуді дамыту әдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет48/73
Дата15.04.2023
өлшемі1,37 Mb.
#83043
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   73
Байланысты:
httpswww.edulife.kzsabaq-kzattachmentsyleud-damytu-dstemelk-nsau.pdf

Ертегі оқылу: «Әтеш пен Тоты» 
Ерте, ерте, ерте де ешкі құйрығы келтеде, аң мен құстардың ішіндегі ең әдемісі, 
сымбаттысы Әтеш болыпты. Сондықтан ол өте тәкаппар екен. Жүріп-тұрса да 
маңғазданып, сылаңдай басады екен. Қоқыраяды да жүреді. Бірде-бір аңмен, не құспен 
сөйлеспейді. Жалғыз серігі Тоты құс болыпты.
Тоты байғұстың үстінде жөні түзу киімі де жоқ екен. Бір күні Тоты әлгі кербез Әтешке 
келіп:
– Досым, мен бүгін қонаққа бармақ едім. Жөнді киімім де жоқ. Мына түріммен қалай 
барамын. Мені сенің досың деп білетін ел мазақтайды ғой. Маған үстіндегі әдемі киіміңді 
бере тұршы, – деп қиыла жалыныпты.
Әтеш досыңнан сөзіне сеніп, үстіндегі әдемі киімдерінің бәрін шешіп беріпті. Сөйтіп 
Тоты құс жасанып тұрып киініп алады. Қай мезгілде келетінін айтады.
– Егер мен кешіксем, дауыстап шақыр. Келмей жатсам, тағы да шақыр, дауысыңды 
естиін, – дейді. Сөйтіп, Тоты құс әсем киініп, тойға кетеді. Бірақ ол қайтып оралмайды. 
Әтеш ол естісін деп үсті-үстіне шақырады. Ешқандай хабар болмайды.
Содан күні бүгінге дейін Әтеш Тоты құс пен әдемі киімін іздеп, таң атысымен, күн 
батқанға дейін айғайлап шақыра береді екен.
– Балалар, ертегіден нені түсіндік? 
– Тоты дегеніміз не?
– Тоты қандай құс? Әтеш қандай екен?
Ертегінің мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді.
– Балалар, құстар жүзе ме? Әлде ұша ма?
– Құстар ұшады. Балалар қимылмен қолдарын жайып құстарша қанат қағады. 


57 
– Ал ендеше, біз құстарды көз алдымызға елестетіп, сергіту жаттығуын орындайық.
Сергіту жаттығуы: 
Қанатымды жазамын, 
Жоғары-төмен қағамын. 
Биік көкте айналып,
Жұлдыздай жылдам ағамын. 
(Балалар сергіту сәтін өлең шумағының ырғағымен қимыл-қозғалыс арқылы орындайды). 
– Балалар, құстар өзі немен қоректенеді? 
– Құстар жеммен, құрт-құмысқалармен, нан қиқымдарымен қоректенеді.
– Ал қандай құстардың түрлерін білесіңдер? 
– Қарлығаш, қарға, торғай, тырна, аққу т.б.
– Сол құстардың ішінде қайсысы адамға дос?
– Қарлығаш – адамға дос. 
– Құстардың адамға тигізер пайдасы мол. Олар зиянкес құрттармен қоректенеді. Сөйтіп 
табиғатқа көмек береді. Егер зиянкес құрттар көбейіп кетсе, не болады?
Дәптермен жұмыс: «Қай сурет артық?» тапсырмаларын орындау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет