А. М. Наурызбаева СӨйлеуді дамыту әдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы


Ойын: «Ұшты-ұшты не ұшты?»  Мақсаты



Pdf көрінісі
бет49/73
Дата15.04.2023
өлшемі1,37 Mb.
#83043
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   73
Байланысты:
httpswww.edulife.kzsabaq-kzattachmentsyleud-damytu-dstemelk-nsau.pdf

Ойын: «Ұшты-ұшты не ұшты?» 
Мақсаты: Баланы тез ойлануға және ұшатын немесе ұшпайтын затты ажырата білуге 
үйрету. 
Ойналу шарты: Ұшатын заттарды тез анықтап, екі қолын жоғары көтеру керек.
Мысалы: Ұшты, ұшты – қарға ұшты! 
Ұшты, ұшты – қалам ұшты!
Ұшты, ұшты – кітап ұшты! 
Ұшты, ұшты – сауысқан ұшты! 
Ұшты, ұшты – торғай ұшты! 
Балалар ойын шартын мұқият тыңдап алады. Қолдарын бір көтеріп, бір көтермейді. 
3.Қорытынды кезең (рефлексия). Ертегіні әңгімелеген уақытта өз ойын толық 
жеткізіп,толық сөйлем құрауға кеңес беру. 
 
№ 23
Білім беру салалары: Коммуникация, Таным 
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту 
Тақырыбы: «Үй жануарлары» (суреттің осы көрсетілім бойынша әңгімелеу) 
Мақсаты
Сурет бойынша әңгімелей білу дағдыларын дамыту. 
Міндеттері: 
а) Балалардың үй жануарлары мен олардың төлдерін білдіретін сөздерді қолдана отырып
жануарлар туралы әңгімелей білу дағдыларын бекіту.
ә) Сөйлеу барысында жануарлар мен олардың төлдерінің атауын білдіретін зат есімдердің 
жекеше және көпше түрлерін (үйрек – үйректер – үйректің балапаны; түйе – түйелер – 
бота – боталар) қолдана білу іскерлігін дамыту және оларды топтарға қарай жіктелуін 
ұғындыруды жалғастыру, ауызша сөйлеу біліктерін дамыту. 
б) Жануарларға қамқоршы болуға тәрбиелеу. 


58 
Күтілетін нәтиже: 
біледі: көбірек жаңылтпаш білу;
түсінеді: жануарлардың дауысын салуды;
қолданады: жануарлардың төлдерін ажыратуды. 
Қолданылатын көрнекі құралдар: сөйлеуді дамыту дәптері, ойынға көз байлағанға 
орамал, жануарлар бейнеленген суреттер. 
Сөздік жұмыс: төлдер. 
Билингвалды компонент: үй жануарлары – домашные животные – pets.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет