59
Мойнымызды бұрамыз,
Қолымызды созамыз,
Аяқтармен топ-топ басып,
Орнымызға барамыз.
(Балалар сергіту сәтін өлең шумағының ырғағымен қимыл-қозғалыс арқылы орындайды).
Жаңылтпашты жаңылмай айтайық!
1. Ақ тай ақ па?
Қара тай ақ па?
2. Қай тай лақтай,
Қай лақ бармақтай.
Балалар тәрбиеші соңынан қайталайды.
Ойын: «Дауысынан таны»
Ойын шарты: Балаларды шеңбер бойымен тұрғызып, бір баланың көзін байлаймыз, оның
қасына келесі бала жануар дыбысын салып, ол қандай жануардың дауысы және оны
салған кім? Атап беру керек.
Балалар ойын шартын мұқият тыңдап алып, әртүрлі жануарлар дыбысын салады. Мысалы:
мө-ө-мө-мө, уәп-әуп, мяу-у-мяу-у, мә-ә-мә-ә, бө-ө-ө.
Достарыңызбен бөлісу: