А. М. Наурызбаева СӨйлеуді дамыту әдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет51/73
Дата15.04.2023
өлшемі1,37 Mb.
#83043
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   73
Байланысты:
httpswww.edulife.kzsabaq-kzattachmentsyleud-damytu-dstemelk-nsau.pdf

3. Қорытынды кезең (рефлексия). Жаңылтпашты мұқият тыңдап, жаңылмай айтуға 
ұсыныс беру. 
 
№ 24
Білім беру салалары: Коммуникация, Таным, Әлеумет 
Бөлімі : Сөйлеуді дамыту 
Тақырыбы: «Ойыншықтар дүкені» 
(Ағаштан, шыныдан, пластамассадан жасалатын ойыншықтар жайлы әңгіме құрау). 
Мақсаты
Сүйікті ойыншықтары туралы әңгімелей білуге үрету.
Міндеттері: 
а) Сызба бойынша әңгіме құрай білуге, жасалуы бірдей заттарды топтастыруға, сөйлеу 
барысында ағаштан, шыныдан, пластмассадан деген сөздерді қолданып, сөйлем құрау 
дағдыларын дамыту. Зат есімнің көпше түріне ілік септігінің жалғауларын жалғай 
(ойыншықтардың, шұлықтардың, қолғаптардың, боталардың, қонжықтардың) білуге 
үйрету. 
ә) Балалардың сөздік қорларын байыту, ауызша сөйлеуді дамыту. 
б) Балаларды бірлікке тарту және ойыншықты ұқыпты қолдануға тәрбиелеу. 
Күтілетін нәтиже: 
біледі: ойыншықтардың жасалу жолдарын білу;
түсінеді: ойыншықтармен ұқыпты ойнауды;
қолданады: ойыншықтар туралы көбірек тақпақтарды.
Қолданылатын көрнекі құралдар: ағаштан жасалған мәшине, пластмассадан жасалған 
қуыршақ, шыныдан жасалған ыдыс аяқ, сөйлеуді дамыту дәптері. 
Сөздік жұмыс: шыны. 
Билингвалды компонент: ойыншықтар – игрушки – toys.
 
ҰОҚ барысы: 


60 
1. Ұйымдастыру кезеңі 
Тобымызға үш түрлі материалдан жасалған ойыншықтарды алып келу. Олар: ағаштан 
жасалған мәшине, пластмассадан жасалған қуыршақ, шыныдан жасалған ыдыс-аяқ. 
Балалар қызығушылық танытады. 
2. Негізгі кезең 
Сипаттама беру
– Балалар, мына мәшине неден жасалған?
– Сонда балалар, біз айналамыздағы ағашты ойыншыққа да пайдаланамыз? Сосын 
ағаштың адамға тағы қандай пайдасы бар? 
Балалар: Бұл мәшине ағаштан жасалынған.
Ағаштан біз ойыншық жасай аламыз, үйді жылыту үшін отынға пайдаланамыз, құрылысқа 
пайдаланамыз. Және ағаш біздің ауамызды тазартады. Бірақ ағашты ретсіз кесуге 
болмайды.
Мақал-мәтел: «Бір тал кессең, 
Он тал ек» 
Мақал-мәтелді «Үш дауыс» әдісімен жаттату. 
Әдістің қолданылуы: Бірінші жоғары дауыспен, екінші ортаңғы дауыспен, үшінші төмен 
дауыспен қайталанылады (үш түрлі дауыспен мақал-мәтелді қайталау арқылы, жаттап 
алу). 
–Ал келесі, ыдыс-аяқтарға тоқталайық?
Балалар: Ыдыс-аяқтар шыныдан жасалынған. Шыны морт сынғыш болып келеді. Шыны 
сынса, біз абайлауымыз керек. Себебі қолымызды жарақаттап алуымыз мүмкін. 
–Ал мынау – қуыршақ. 
Балалар: Қуыршақ пластмассадан жасалынған. Қуыршақпен көбіне қыз балалар 
ойнайды. Пластмассадан, ағаштан жасалынған ойыншықтар көпке дейін жарайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет