А. М. Наурызбаева СӨйлеуді дамыту әдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет56/73
Дата15.04.2023
өлшемі1,37 Mb.
#83043
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   73
Байланысты:
httpswww.edulife.kzsabaq-kzattachmentsyleud-damytu-dstemelk-nsau.pdf

Жұмыс дәптерімен жұмыс. 
Жұмыс дәптеріндегі тапсырмалар ретімен орындалады. Педагог әр тапсырманың 
орындалуын түсіндіреді, қалай орындағандарын қадағалайды, көмек көресту керек 
балаларға жеке көмек көрсетеді.
3. Қорытынды кезең (рефлексия) 
 
 
№27 
Білім беру салалары: Коммуникация, Әлеумет
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту 
Тақырыбы: Қуыршақтың бөлмесі 
Мақсаты
Әр заттың не үшін қажеттігін әңгімелеп айтуға үйрету.
Міндеттері: 
а) Балаларды жиһаздардың атауын дұрыс атай білуге жаттықтыру, сөйлеу барысында зат 
есімдер мен сын есімдердің сандық және септеулік түрленуін қолдана білуге баулу. 
ә) Баланың ой-өрісін кеңейту, ойлау қабілетін дамыту, қарым-қатынас дағдыларын 
дамытуды жалғастыру. 
б) Ұқыптылыққа, жинақтылыққа тәрбиелеу. 
Күтілетін нәтижелер: 
біледі: ойыншықтар туралы көбірек тақпақтар білу; 
түсінеді: үй жиһаздарының не үшін қажет екендігін
қолданады: жиһаздарды ұқыпты пайдалану керек екендігін  
Қолданылатын көрнекі құралдар: дорба, қуыршақ, мәшине, доп секілді ойыншықтары 
бар, сөйлеуді дамыту дәптері. 
Сөздік жұмыс: бөлме. 
Билингвалды компонент: қуыршақ – кукла – doll.  


65 
 
ҰОҚ барысы: 
1. Ұйымдастыру кезеңі 
Амандасу. Іші ойыншыққа толы дорбаны балаларға көрсетіп: 
– Балалар, мына ғажайып дорбаға назар аударайық. Ішінде не бар екен? 
2.Негізгі кезең 
 Ойын: «Ғажайып дорба» 
Мақсаты: балалардың сипап сезу қабілеттерін дамыту. Заттың атын атату. 
Шарты: балалар кезекпен дорбаға қолдарын салып, ұстап, сипап көру арқылы заттың 
атын атайды. 
Мысалы: Мұнда кішкентай ойыншық мәшине бар. Мәшинені көбіне ер балалар ойнайды. 
Мәшиненің дөңгелектері болады. Мәшиненің түрлері көп. Олар жүк мәшинесі немесе 
жеңіл мәшине сияқты түрлері бар. 
Жұмбақ шешкізу 
Ағайынды төрт батыр, 
Көтергені бір шатыр. Ол не? (Үстел) 
– Балалар, ағайынды төрт батыр дегені төртеуі де бірдей ағайындылар секілді
үстелдің үстіңгі бөлігін тіреп тұрады екен. Оның үстіңгі бетін шатырға теңеп тұр. 
Дәптермен жұмыс: жұмыс дәптеріндегі «Суреттегі заттарды ата. Олар не үшін керек?» 
тапсырмасын орындау. 
Сергіту жаттығуы: 
Жуын, жуын, жуынсақ, 
Қандай жақсы қуыршақ! 
Әйтпегенде, бөпешім, 
Кірлеп кеткен екенсің. 
Қазір аппақ боласың, 
Қуанады анашың. 
(М. Жаманбалинов) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет