А. М. Наурызбаева СӨйлеуді дамыту әдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет58/73
Дата15.04.2023
өлшемі1,37 Mb.
#83043
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   73
Байланысты:
httpswww.edulife.kzsabaq-kzattachmentsyleud-damytu-dstemelk-nsau.pdf

Жұмбақ 
 
Төртбұрышты, бір ауызды. 
 
2.Негізгі кезең 
Демонстрациялық құралмен жұмыс (сандықтың суреті) 
Балалар назарын суреттегі сандыққа аударту, сандық туралы суретке қарап әңгімелеу 
керектігін айту. (Сандықтың пішінін, ою-өрнек түрлерін, оның ішіне не салуға 
болатынын). 
Демонстрациялық құралмен жұмыс (малақай мен тымақ суреті) 
Балалар назарын малақай мен тымақ суретіне аудару. Суреттегі заттардың бір сөзбен 
қалай аталатынын және олар киімнің қай түріне жататынын, жасалуы, қай мезгілде 
киілетінін, олардың атауларын, қажеттілігін және олардың бір-бірінен айырмашылығы 
туралы сұралады. (Тымақ, малақай – мал, аң терісінен тігілетін қыстық баскиім. Төбесі 
биік, мол пішілген маңдайы, екі құлағы және желкені жотаға дейін жауып тұратын артқы 
етегі болатындығын педагогтің көмегімен айтады). 
– Балалар, баскиімді тебуге болады ма? Үйде жерде жатса не істейміз? (Жауаптар). 
«Қызыл малақай» өлеңін оқу. 
Алақай-ау, алақай, 
Киіп алдым малақай. 
Қызыл жіптен тоқылған
Өрнектері жасылдан 
Ұнатамын мен оны 
Тастамаймын басымнан. 
Ж.Кенжеғалиева 
Педагогке мәлімет: 
Тымақ – аңның немесе малдың терісінен тігілетін баскиім. Оны «түлкі тымақ» немесе 
«елтірі тымақ» деп те атайды. Тымақтың екі құлағы және мойынды жауып тұратын артқы 
етегі болады. 


67 
«Малақай – оны құндыз, бұлғын, сусар, түлкі, қарсақ т.б. аңдар, құлын, бұзау, қозы мен 
лақтың елтірісінен тігеді. Малақай маңдайдан екі құлағы мен бесінен және артқы 
құлағынан тұрады. Оның сайларының түйісетін ұштары үшкір болады да, етек жағы тік 
тәрізді болады. Малақайды «құлақшын» деп те атайды. Ол ерлердің салқында киетін 
баскиімі). 
Дәптермен жұмыс: дәптерде «Малақай мен тымақтың екінші бөлігін тап» тапсырмасын 
орындау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет