Сергіту жаттығуы: Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ,
Қосып едім екеуін,
Болып шықты он саусақ.
Балалардың назарын үстел үстіндегі сандыққы аудару. Сандықты ұстап көрсете отырып,
оның неден жасалғаны ою-өрнектері туралы әңгімелеу. Сандықтың ішінде не бар екенін
білу үшін суреттеу бойынша табу қажет екенін түсіндіру. Ортаға бір баланы шығарып, ол
сандықтың ішіндегі (желпуіш, жалған шаш, теңге) біреуін таңдап, оны басқа балаларға
суреттеп, сипаттап жасырады. Ал балалар суреттеу бойынша ол не зат екенін табу керек.
Педагог сол сияқты жалған шаш пен желпуішті суреттеп жасыруға бағыт-бағдар береді.
Мысалы: «теңге» ол қағаздан немеес темірден жасалады. Қағаздан жасалған түрі
төртбұрышты, ал темірден жасалған түрі – дөңгелек. Ол бізге қажет. Дүкенге барғанда біз
ол затсыз бара алмаймыз. «Кәне, ол не екенін кім айтады?» – деп бала өз бетінше сұрақтар
қоя білуге дағдыланады.
Санамақ: Киім-бұйым
Бір дегенім – бөрік,
Кисең берді көрік.
Екі дегенім – етік
Киер сәнді етіп.
Үш дегенім – ішік,
Теріден тігер пішіп.
Төрт дегенім – тымақ,
Қыста кисең жылы-ақ..
Бес дегенім – байпақ,
Іші жылы жайпақ.
(М.Қуанышбаев) 3.Қорытынды кезең (рефлексия) Оқу қызметін қорытындылап, жаңа сөздерді қайталату.
№29 Білім беру салалары: Коммуникация, Әлеумет
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту Тақырыбы:Күшік неге көңілсіз? (Сурет бойынша шығармашылық әңгімелеу)
68
Мақсаты:
Сурет бойынша әңгіме құрауда тірек сөздерді қалай пайдалану керектігін түсіндіру.
Міндеттері: а) Балаларды сурет бойынша әңгіме құрауға, күшік сөзіне қандай анықтауышты
үйлестіруге болатынын көрсету.
ә) Тілдік қорын, ересектермен қарым-қатынасты дамыту.
б) Жануарларға қамқор бола білуге тәрбиелеу.