А. М. Наурызбаева СӨйлеуді дамыту әдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет62/73
Дата15.04.2023
өлшемі1,37 Mb.
#83043
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   73
Байланысты:
httpswww.edulife.kzsabaq-kzattachmentsyleud-damytu-dstemelk-nsau.pdf

Дидактикалық ойын:«Ғажайып текше!» 
Шарты: Шеңбер болып тұрамыз, ортаға текше тасталынады. Текшеде қандай кейіпкер 
суреті түссе, сол ертегі жайында айтып береміз. Мысалы: текшеден ата, әже, қыз, ит, 
мысық, тышқан суреті кездесті делік. Бұл ертегінің аты қалай? 
– Бұл «Шалқан» ертегісі. (Ертегі мазмұнын әңгімелейді). 
– Содан соң атай не істепті? Келесі баладан жалғасын сұрайды. 


70 
– Одан кейін олар кімді шақырды? 
– Соңында шалқанды қалай жұлып алды? 
– Жақсы, сонда кішкентай тышқан қандай болыпты? Кәне, тышқанның дыбысын 
салайықшы 
Дәптермен жұмыс: дәптердегі « Ертегі кейіпкерлерінің кезекпен тұру ретін сызық 
арқылы қос» тапсырмасын орындау. 
– Балалар, ертегіде атайға барлығы көмектесіпті. Ал сендер үйде үлкендерге көмек 
бересіңдер ме? 
Сергіту сәті. 
Орнымыздан тұрайық, 
Қолды белге қояйық. 
Бұрыламыз оңға бір, 
Бұрыламыз солға бір, 
1,2,3 (мұрынмен дем алып) 
Демімізді алайық. 
3.Қорытынды кезең (рефлексия) 
Ертегі мазмұнын кез келген жерінен жалғастырып кетуге дайын отыруға ұсыныс білдіре 
отырып, ұйымшылдыққа, достыққа, бірлікке бағыттау. 
 
 
№31 
Білім беру салалары: Коммуникация, Таным
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту 
Тақырыбы: «Не дәмді?» ертегісі 
Мақсаты
Өз ойларын жеткізе білу дағдыларын дамыту.
Міндеттері: 
а) Ненің дәмді екенін ажыратуға, дәмінің айырмашылығын, пішінін айта білуге үйрету. 
ә) Кейіпкерлердің өзара сөйлесуін көркем түрде қолдану арқылы ертегінің ішкі сырын, 
айтылу керек ой-түйсігін, мән-мағынасын бұзбай, байланыстыра баяндай білуге үйретуді 
дамыту, ертегіге қызығушылығын арттыру. 
б) Асты қадірлеуге, қастерлеуге тәрбиелеу. 
Күтілетін нәтижелер: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет