А. М. Наурызбаева СӨйлеуді дамыту әдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет64/73
Дата15.04.2023
өлшемі1,37 Mb.
#83043
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   73
Байланысты:
httpswww.edulife.kzsabaq-kzattachmentsyleud-damytu-dstemelk-nsau.pdf

Дидактикалық ойын: «Бұл не?» 
Мақсаты: Жемістер мен көгөністерді ажыратып, дәмінің айырмашылығын және пішінін 
айта білуге үйрету. 
Ойын шарты: баланың көзі жұмылады. Қоржынға салынған көгөністер мен жемістер 
қолдарына алып, оның дәмі қандай болатынын және пішінін айтып, атын атау керек. 
Ойында тапқан жемісімізді немесе көгөністі сипап сезу арқылы жылдам баяндап беру 
керек екенін айту. 
 
Қорытынды кезең (рефлексия) 
Педагог оқу қызметін қорытындылап, нанды, асты қадірлеуге шақырады. 
№32 
Білім беру салалары: Коммуникация, Таным
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту 
Тақырыбы: Қолғап (украин халық ертегісін сахналау) 
Мақсаты
Сөйлеу мәнерлері мен сөйлемді дұрыс құрау дағдыларын дамыту.
Міндеттері: 


72 
а) Ертегіні тыңдай білуге және қайталап дауысын айнытпай салуға үйрету және оң-сол 
ұғымдарын бекіту. 
ә) Сахнада ойнай білу іскерліктерін дамыту. Сөйлеу мәнері мен қарқынына аса мән бере 
отырып, кейіпкерлер бейнесін көркем сомдауға, олардың ішкі жан-дүниесін жеткізе 
суреттеуге ұмтылыстарын арттыруды дамыту, қарым-қатынас жасау дағдысын дамытуды 
жалғастыру. 
б) Бірлікке, достыққа тәрбиелеу. 
Күтілетін нәтижелер: 
біледі: оң мен солды ажыратуды; 
түсінеді: өз ойын еркін жеткізуді; 
қолданады: жануарлар дауысын салуды
Қолданылатын көрнекі құралдар: демонстрациялық құрал, сөйлеуді 
дамыту дәптері, ыңғайы келсе, ертегі кейіпкерлерінің киімдері. 
Сөздік жұмыс: қолғап 
Билингвалды компонент: қолпақ – варежки – mittens.
 
ҰОҚ барысы: 
1. Ұйымдастыру кезеңі 
Жұмбақ жасыру: 
Есігі біреу 
Бөлмесі бесеу(қолғап) 
– Балалар, қолғап бізге не үшін керек? (Қыс мезгілінде қолымыз тоңбас үшін). 
– Қолғап нешеу болады? (Қолғап екеу болады). 
– Қолғап қандай болады? (Әртүрлі, қалың жұқа). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет