42
Ақ қайнар бастауларым.
Балалар бірге қосылып қайталап, әннің ырғағына қарай әндетеді.
Педагог балаларға сұрақтар қояды.
Сұрақ-жауап:
– Балалар, дастарқан не себепті берекелі деп аталды?
– Өйткені дастарқанға нан, май, сүт, қант, шай, тамақ, әртүрлі жемістер қойылады.
Педагог мақал-мәтел қайталаттырады.
Мақал-мәтел:
– «Ас атасы – нан» деген бар, нанды немесе жалпы тамақты шашуға немесе басуға
бола ма? (Шашуға деа басуға да болмайды).
Педагог: ал енді нан туралы тақпақты тыңдайықшы.
Тақпақ: «Нан – ардақты, асыл ас».
Нан қоқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар.
Теріп, алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.
(Ә.Қалдыбаев)
– Балалар, дастарқанға отырмас бұрын қолды не істеу керек? (Жуу).
– Кез келген жемісті жумай жеуге бола ма? Балалар: қолды да, жемісті де жуу керек
деп жауап береді.
Дәптермен жұмыс: тапсырманы орындау.
– Қанттың дәмі қандай? (Қанттың дәмі тәтті).
– Кәне, қайталаймыз?
– Тәп-тәтті
– Қантты қандай ыдысқа саламыз? (Қант салғышқа саламыз).
Жаңа сөз: Қант салғыш
– Нанның да өзі ыдысы, майдың да ыдысы, тұздың да ыдысы болды екен. Олар қалай
аталады?
– Нанның ыдысы – нан салғыш, майдың ыдысы – май салғыш, тұздың ыдысы – тұз
салғыш.
Жаңа сөздер:
нан салғыш, қант салғыш, май салғыш сөздерін қайталайды.
Достарыңызбен бөлісу: