А. М. Наурызбаева СӨйлеуді дамыту әдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет41/73
Дата15.04.2023
өлшемі1,37 Mb.
#83043
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   73
Байланысты:
httpswww.edulife.kzsabaq-kzattachmentsyleud-damytu-dstemelk-nsau.pdf

Сергіту жаттығуы: 
Ал, балалар, келіңдер
Бой жазайық бәріміз. 
Мойнымызды бұрамыз, 
Қолымызды созамыз, 
Аяқтармен топ-топ басып, 
Орнымызға барамыз. 
(Сергіту сәтін өлең шумағының ырғағымен қимыл-қозғалыс арқылы орындайды). 
Дәптермен жұмыс:сөйлеуді дамыту дәптеріндегі тапсырманы орындау. 
Тапсырма: Суретті аяқта, өз суретің туралы әңгімеле. 
Балалар суретті аяқтап бояп, әңгімелейді. Мысалы: Мен қыс мезгілінде далада ойнағанды 
ұнатамын. Ол кезде мен тонып қалмас үшін, қалың киімдерімді киіп аламын. Қолыма 
қолғап, басыма қалпақ, үстеріме тон және аяғыма қалың етігімді киемін. Мен әсіресе
далаға шыққанда аққала жасаймын. Аққаланы жасау үшін қарды дөңгелету арқылы үш 
дөңгелек етіп жасап аламыз. Бірі үлкен, екіншісін орташа, ал үшіншісін кішкентай етіп 
аламыз. Оларды бірінің үстіне бірін қоямыз. Ең кішкентай дөңгелегі оның басы болады. 


50 
Басына шелек кигізіп, мұрнын сәбізден, көздерін көмірден, қолына сыпыртқы ұстатамын 
деп тапсырманы орындайды.
3. Қорытынды кезең (рефлексия). Әңгімелеген уақытта сөйлемдерді толық құрауға 
түзету жұмыстарын жүргізу. 
Балалар педагогтің соңынан сөйлемдерді қайталап айтып береді. Балаларды бір-бірінің 
әңгімесін тыңдату арқылы талдау жұмыстарын жүргізу. Мысалы: маған Айсұлудың 
немесе басқаның әңгіме құрағаны ұнады. Балаларды соңынан оқу қызметіне белсенділік 
танытқаны үшін мақтап, мадақтау. 
– Балалар, біз де бүгін оқу қызметіміз аяқталған соң далаға шығып, бәріміз бірге 
аққала жасайық. Балалар қуанышты сезімде болады. 
 
№ 19  
Білім беру салалары: Коммуникация, Таным 
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту 
Тақырыбы: «Ұзын құлақ ақ қоян» (кескін бойынша қоян жайлы әңгіме құру) 
Мақсаты
Әңгіме құрату арқылы ауызша сөйлеулерін дамытуды жалғастыру. 
Міндеттері: а) Үлгі бойынша бейнелік сипатты әңгіме құрауға үйрету. Сөздің түрленуіне 
жаттықтыру. 
ә) Балалардың тілдік қорын дамыту, байыту; ауызша сөйлеуін дамытуды жалғастыру.
б) Жан-жануарларды қомқорлыққа алуға тәрбиелеу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет