А. М. Наурызбаева СӨйлеуді дамыту әдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет42/73
Дата15.04.2023
өлшемі1,37 Mb.
#83043
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   73
Байланысты:
httpswww.edulife.kzsabaq-kzattachmentsyleud-damytu-dstemelk-nsau.pdf

Күтілетін нәтижелер:
біледі: мақал-мәтелдерді; 
түсінеді: ұйымшылдықты, ұқыптылықты; 
қолданады: еркін әңгіме құрауды. 
Қолданылатын көрнекі құралдар: қоян мен қасқырдың кезігіп тұрған суреті, сөйлеуді 
дамыту дәптері. 
Сөздік жұмыс: қорқақ, сақ 
Билингвалды компонент: заяц – қоян – rabbit 
 
ҰОҚ барысы: 
1. Ұйымдастыру кезеңі 
Педагог балаларға жұмбақ жасырады: 
Сылдырдан қорқады, 
Шошынып жортады. (Қоян) 
– Қоян қандай жануарға жатады? (Қоян жабайы жануарға жатады). 
– Қоянның құлағы қандай? Ұзын ба әлде қысқа ма? (Қоянның құлағы ұзын).
Педагог қоянның құлағы ұзын және сыбдырды тез естігіш болып келетіндігін айтады. 
 
2. Негізгі кезең 
Қоянды тағы қалай деп атауға болады? Балалар «ұзын құлақты қоян, ақ қоян, сұр қоян
қорқақ қоян», – деп те атауға болатындығын айтады. 
– Жақсы, балалар, ең алдымен суреттерге қарап көңіл аударайық. 


51 
Суреттердегі айырмашылықтарға қарай келе әңгіме құрайық. 
Әңгіме құрмас бұрын біз ең алдымен несін құрып аламыз? (Әңгіменің тақырыбын құрып 
аламыз). 
– Ендеше, біз оның тақырыбын «Ұзын құлақ ақ қоян» деп аламыз. 
Тақырыбы: «Ұзын құлақ ақ қоян» 
– Қысгүні бір ақ Қоян орман ішінде жортып жүріпті. Қыста Қоянның тоны ақ түске 
ауысады екен. Одан кейін күн жылына бастағаннан кейін оның түсі сұры түске айналады. 
Қыста ақ түске, ал жазда сұр түске айналуының себебі адамдарға, жабайы жануарларға 
көрінбей, тығылуына ыңғайлы. Қоян өте қорқақ, тіпті оның құлағы саққұлақ деуге де 
болады. Себебі құлағы сыбдырды тез естиді екен. Қояндар жауынан орғып-орғып қашады. 
Педагог балаларға орындарынан тұрып қояндарша секіріп-секіріп алуды ұсынады. 
Балалар орындайды.
– Осылайша орғып келе жатқанда алдынан Қасқыр кезігіпті. Қасқыр ырылдап, 
Қоянды жегісі келді, бірақ Қоян Қасқырға былай депті: 
Мені жемеші, мен саған тақпақ айтып беремін.
Сонда Қасқыр: А, солай ма? Жарайды, айта ғой, – деп Қоянды тыңдапты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет