А. М. Наурызбаева СӨйлеуді дамыту әдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет46/73
Дата15.04.2023
өлшемі1,37 Mb.
#83043
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   73
Байланысты:
httpswww.edulife.kzsabaq-kzattachmentsyleud-damytu-dstemelk-nsau.pdf

Күтілетін нәтиже: 
біледі: үй жануарлары қандай екенін, олардың қандай пайдасы барын, қалай өмір 
сүретіндері жайлы білу;
түсінеді: жан-жануарлардың дауысын; 
қолданады: үй жануарларының төлдерін.
Қолданылатын көрнекі құралдар: үй жануарларының ойыншықтары, сөйлеуді дамыту 
дәптері, бірнеше қалташалар ішінде үй жануарларының суреттері болу керек. 
Сөздік жұмыс: үй жануарлары 
Билингвалды компонент: түйе – верблюд – camel. 
 
ҰОҚ барысы: 
1. Ұйымдастыру кезеңі 
Педагог балаларға жұмбақ жасырады.
Жұмбақ: 
Иір-иір денесі – 
Сахараның кемесі. 
Ащы шөптер – тамағы, 
Шөлге шыдап бағады. 
– Бұл не?
Балалар өз жауабын айтады. (Түйе) 
– Қандай үй жануарларын білесіңдер? (Жылқы, түйе, ит, мысық, қой т.б.). 
– Түйе үй жануары ма, әлде дала жануары ма? (Түйе үй жануарына жатады). 
– Түйе сүті мен төлін қалай атаймыз? (Түйе сүтін шұбат, төлін бота деп атаймыз). 
– Түйе бізге сүтін береді. Жүнінен мата, киім жасалынады. 
– Балалар, жануарларды тебуге немесе таяқпен ұруға болады ма?
Балалар: Жоқ, ұруға да, тебуге де болмайды. Себебі оларға батады. Оларды ешуақытта 
қорлауға болмайды. 
Педагог: Иә, оларға біз қамқор болуымыз керек. 
2. Негізгі кезең 
Тіл ұстарту 


55 
Ие-ие –ие Шөгіп жатыр түйе, 
Құлындайды бие, 
Табылар саған ие. 
(«И» дыбысының дауысты дыбыс екендігін, ауаның ауыздан еш кедергісіз шығуын 
түсіндіру). 
Балалар: Дыбысты анық айтуға тырысады. 
И- и – ине 
И- и – инелік 
Балалар «И» дыбысынан басталатын сөздерді қайталайды. 
Сергіту жаттығуы: 
 
Мен өркешті түйемін, 
Басымды жерге иемін. 
Маң-маң басып далада, 
Жантақ жеуді сүйемін. 
(Сергіту сәтін өлең шумағының ырғағымен қимыл-қозғалыс арқылы орындау). 
Дәптермен жұмыс: «Үй жануарларына жатпайтын жануарларды анықтап, оларды қорша» 
тапсырмасын орындау. 
Балалар сергіту жаттығуын қайталап, түйенің қалай жүретінінен хабардар болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет