А. М. Наурызбаева СӨйлеуді дамыту әдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет47/73
Дата15.04.2023
өлшемі1,37 Mb.
#83043
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   73
Байланысты:
httpswww.edulife.kzsabaq-kzattachmentsyleud-damytu-dstemelk-nsau.pdf

Дидактикалық ойын: «Үй жануарлары» 
Ойын мақсаты:Үй жануарларының дене мүшелерін атауға, ажыратуға үйрету. 
Ойын шарты: үй жануарларына байланысты суреттер алып, сол суреттегі жануарды атап, 
олардың дауысын келтіріп, (мө-мө-мө, мяу-мяу-мяу) олар туралы мейірімді сөздерді атау. 
Мысалы, боташым, құлыншағым.т.б 
Балалар суреттің қайсысы екенін белгілеп қояды. Балалар ойын шартын түсініп, ойынды 
ойнайды. 
3.Қорытынды кезең (рефлексия). Балалардан үй жануарларынын анықтап, олардың 
көңіл күйлерін, олардың дауысын келтіріп, не үйренгендерін сұрайды. 
№ 22
Білім беру салалары: Коммуникация, Денсаулық 
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту 
Тақырыбы: «Әтеш пен Тоты» ертегісі 
Мақсаты
Ертегіні мазмұндауға үйрету.
Міндеттері: 
а) Сұраққа жауап беруде, ертегі жолдарын қолдану арқылы, толық сөйлеммен айта білуге 
үйретуді жалғастыру. 
ә) Ертегіні қайталап айта білу біліктілігін дамыту,ертегіге қызығушылығын арттыру. 
б) Бір-бірін алдамауға және достыққа тәрбиелеу. 
Күтілетін нәтиже: 
біледі: құстар туралы 
түсінеді: құстарға қамқор болуды 


56 
қолданады: құстар біздің досымыз екенін. 
Қолданылатын көрнекі құралдар: әтештің дауысы жазылған үнтаспа, сөйлеуді дамыту 
дәптері 
Сөздік жұмыс: тоты 
Билингвалды компонент: әтеш – петух – cock.
 
ҰОҚ барысы: 
1. Ұйымдастыру кезеңі 
Үнтаспа арқылы әтештің таңды шақырған дауысы шығады. Балалар естіген дауысын салу 
керек. Ку-ка-ре-ку, Ку-ка-ре-ку, Ку-ка-ре-ку. Балалар қызығушылық танытады. 
Балалар естіген дауысын салуға тырысады: Ку-ка-ре-ку, ку-ка-ре-ку.
2. Негізгі кезең 
– Балалар, бұл ненің дауысы?
– Бұл – әтештің дауысы. 
– Әтеш үй құсы ма әлде дала құсы ма?
– Әтеш – үй құсы. 
(«Ә» дыбысына жаттығу орындау: 
ә-ә-ә-ә – әтеш 
ә-ә-ә-ә – әтір 
ә-ә-ә-ә – әк 
әт-әт-әт – әткеншек 
«Ә» дыбысының дауысты дыбыс екендігін, ауыздан еркін шығатындығын түсіндіріп 
өту). Балалар тәрбиеші соңынан қайталайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет