60
1. Ұйымдастыру кезеңі
Тобымызға үш түрлі материалдан жасалған ойыншықтарды алып келу. Олар: ағаштан
жасалған мәшине,
пластмассадан жасалған қуыршақ, шыныдан жасалған ыдыс-аяқ.
Балалар қызығушылық танытады.
2. Негізгі кезең
Сипаттама беру.
– Балалар, мына мәшине неден жасалған?
– Сонда балалар, біз айналамыздағы ағашты ойыншыққа да пайдаланамыз? Сосын
ағаштың адамға тағы қандай пайдасы бар?
Балалар: Бұл мәшине ағаштан жасалынған.
Ағаштан біз ойыншық жасай аламыз, үйді жылыту үшін отынға пайдаланамыз, құрылысқа
пайдаланамыз. Және ағаш біздің ауамызды тазартады.
Бірақ ағашты ретсіз кесуге
болмайды.
Мақал-мәтел: «Бір тал кессең,
Он тал ек»
Мақал-мәтелді
«Үш дауыс» әдісімен жаттату.
Әдістің қолданылуы: Бірінші жоғары дауыспен, екінші ортаңғы дауыспен, үшінші төмен
дауыспен қайталанылады (үш түрлі дауыспен мақал-мәтелді қайталау арқылы,
жаттап
алу).
–Ал келесі, ыдыс-аяқтарға тоқталайық?
Балалар: Ыдыс-аяқтар шыныдан жасалынған. Шыны морт сынғыш болып келеді. Шыны
сынса, біз абайлауымыз керек. Себебі қолымызды жарақаттап алуымыз мүмкін.
–Ал мынау – қуыршақ.
Балалар: Қуыршақ пластмассадан жасалынған. Қуыршақпен көбіне қыз балалар
ойнайды. Пластмассадан, ағаштан жасалынған ойыншықтар көпке дейін жарайды.
Достарыңызбен бөлісу: