А. М. Наурызбаева СӨйлеуді дамыту әдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет52/73
Дата15.04.2023
өлшемі1,37 Mb.
#83043
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   73
Байланысты:
httpswww.edulife.kzsabaq-kzattachmentsyleud-damytu-dstemelk-nsau.pdf

Мазмұнды-рөлді ойын: «Ойыншықтар дүкені» 
Мақсаты: Балаларды мамандыққа баулу, яғни дүкенші болуға ынталандыру және сыпайы 
сөйлеуге үйрету. 
Ойын шарты: Балалар ішінен бірі сатушы, ал қалғандары кезек-кезек сатып алушылар 
болады. 
Балалар барынша сыпайы болуға тырысады. Бірі дүкенге кіріп: «Сәлеметсіз бе?» – деп 
амандасады. Дүкенші: «Қош келдіңіз» – деп қарсы алады. Одан кейін сатып алушы өз 
ұсынысын айтады, ал сатушы ойыншықтың бағасын айтады. Дүкенші ойыншықтың 
сапасын, оның неден жасалғанын сатып алушыға түсіндіріп өтеді. Ойынды қызыға 
ойнайды. Балалар өз ойларын тиянақты жеткізуге тырысады. 
Әңгіме құрау: «Менің ойыншығым» 
Сөйлеуді дамыту дәптеріндегі «Сенде бұл ойыншықтың қайсысы бар? Сүйікті 
ойыншығың туралы әңгімеле» тапсырмасын орындау керек. Балалар жұмыс дәптеріндегі 
ойыншықтарды атап, өз сүйікті ойыншықтары жайында әңігмелеуге тырысады. 
Мысалы, бірде менің әкем менің туылған күніме қуыршақ әкеліп берді. Мен сол күні 
қатты қуандым. Себебі қуыршақ сондай сүйкімді, әдемі екен. Әкем сонда маған: «Ұқыпты 
ойна, әйтпесе, қуыршақ саған ренжіп жылап қалады», – деді. Мен әкеме: «Қуыршақты еш 
уақытта ренжітпеймін», – деп уәде бердім. Бірде мен қуыршағымды аулаға алып шықтым. 
Сонда өз достарыма маған өз әкем сыйға берді деп мақтанып айттым. 
– Жақсы, ойыншықты қалай қолдануымыз керек, балалар?


61 
– Ойыншықты ұқыпты қолдануымыз керек. 
– Иә, дұрыс айтасыңдар, ал топта жүргенде таласпай бірге ойнауымыз керек. Себебі 
топтың ойыншығы бәрімізге ортақ екен.
Сергіту жаттығуы.
Орнымыздан тұрамыз, 
Мойнымызды бұрамыз. 
Қолымызды көтеріп, 
Саусақты ашып-жұмамыз. 
Онан соң төмен түсіріп, 
Алақанды соғамыз. 
(Балалар, сергіту сәтін өлең шумағының ырғағымен қимыл-қозғалыс арқылы орындайды). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет