62
– Балалар, кей уақытта
да, де – сөздерін дұрыс қолдана білуіміз керек.
Мысалы: «
Мен да» деген дұрыс па әлде «
Мен де» деген дұрыс па? Әрине «мен де» сөзі
қолданылады. Сонда «Мен де анама раушан гүлін сыйлар едім» деген сөйлем дұрыс.
Педагог балалардан қандай гүлдердің атын білетіндерін сұрайды. (Раушан, қызғалдақ,
түймедақ бәйшешек т.б.). Гүлдердің иісі хош иісті, жұпар иісті болатындығын жеткізу.
Қонжық: балалар, мен анама сыйлайтын балымды іздейін, ал сендер де аналарыңа
сыйлайтын гүлдеріңді ұмытпаңдар.
Сергіту сәті.
Біз гүлдерше өсеміз,
Жапырағы жайқалған.
Сабақтары салалы
Желге ырғалып шайқалған.
Сұрақ-жауап әдісі:
– Гүлдер қайда өседі? (Тауларда да, аулаларда да, көшелерде де өседі).
Әңгіме құрау: «Анама сыйлық»
Мысалы. Мен аналар мерекесін
де, әкемнің көмегімен анама сыйлық алып бердім.
Алдымен әкем екеуміз киім дүкеніне бардық. Онда әртүрлі әдемі көйлектер көрдік. Соның
ішінде қызыл түсті көйлекті таңдап алдық. Біз оны сол дүкеннен әдемі бір қорапқа
салдыртып алдық. Содан әкем екеуміз анама дайындаған сыйлығымызды сыйладық.
Достарыңызбен бөлісу: