А. М. Наурызбаева СӨйлеуді дамыту әдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет54/73
Дата15.04.2023
өлшемі1,37 Mb.
#83043
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   73
Байланысты:
httpswww.edulife.kzsabaq-kzattachmentsyleud-damytu-dstemelk-nsau.pdf

«Г» дыбысына жаттығу орындату. 
Г-г-гүл 
Дидактикалық ойын: «Гүл» 
Мақсаты: балаларға гүл күлтелерінің түстерін атату. Сөз, сөйлем құрастырту арқылы 
баланың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. 
Шарты: жұмыс дәптеріндегі «Гүлдің күлтелерін түрлі түсті етіп боя және әр күлтесіне сөз 
немесе сөйлем құра» тапсырмасын орындату. 
3.Қорытынды кезең (рефлексия) 
Педагог балаларға сыйлықтың әртүрлі болатындығын, гүлдің суретін салып немесе түрлі 
түсті қағаздан гүл жасап, сыйлауға болатын да айтып түсіндіреді.Алған білімдерін 
пысықтайды. 
 
 
№26 
Білім беру салалары: Коммуникация, Таным 
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту 
Тақырыбы: «Ж» және «ш» дыбыстары 
Мақсаты
Ж және ш дыбыстарын дұрыс дыбыстап айтуға жаттықтыру.
Міндеттері: 
а) «Ж» және «ш» дыбыстарының дұрыс жазылуын көрсету, осы дыбыстар кездесетін 
сөздерді қатыстырып, сөйлемдер құрай білуге үйрету.
ә) Сөздегі барлық дауысты және дауыссыз дыбыстардың толық таза айтылуын бекіту. 
Дыбыстық қабылдауды дамыту (сөздегі берілген дыбысты дұрыс есту және анық айта 
білу), ауызша сөйлеуді дамыту. 
б) Балаларды бірлікке тәрбиелеу. 
Күтілетін нәтижелер: 
біледі: көктем мезгіліндегі табиғат құбылыстарын және олардың атауларын; 
түсінеді: «ж», «ш» дыбыстарын дұрыс айтуды; 


63 
қолданады: сұраққа толық жауап беруді 
Қолданылатын көрнекі құралдар: үнтаспадағы күннің күркіреп 
жаңбырдың жауып тұрған дыбысы, сөйлеуді дамыту дәптері. 
Сөздік жұмыс: күн күркірейді 
Билингвалды компонент: жаңбыр – дождь – rain
 
ҰОҚ барысы: 
1. Ұйымдастыру кезеңі 
Жұмбақ шешу: 
Күн ұзарып, қар еріп, 
Су сайларға толады, 
Балаларым, айтыңдаршы, 
Бұл қай кезде болады? 
Балалардан қазір жылдың қай мезгілі және ай аттарын сұрау 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет