65
ҰОҚ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу. Іші ойыншыққа толы дорбаны балаларға көрсетіп:
– Балалар, мына ғажайып дорбаға назар аударайық. Ішінде не бар екен?
2.Негізгі кезең
Ойын: «Ғажайып дорба»
Мақсаты: балалардың сипап сезу қабілеттерін дамыту. Заттың атын атату.
Шарты: балалар кезекпен дорбаға қолдарын салып, ұстап,
сипап көру арқылы заттың
атын атайды.
Мысалы: Мұнда кішкентай ойыншық мәшине бар. Мәшинені көбіне ер балалар ойнайды.
Мәшиненің дөңгелектері болады. Мәшиненің түрлері көп. Олар жүк мәшинесі немесе
жеңіл мәшине сияқты түрлері бар.
Жұмбақ шешкізу
Ағайынды төрт батыр,
Көтергені бір шатыр. Ол не? (Үстел)
– Балалар, ағайынды төрт батыр дегені төртеуі
де бірдей ағайындылар секілді,
үстелдің үстіңгі бөлігін тіреп тұрады екен. Оның үстіңгі бетін шатырға теңеп тұр.
Дәптермен жұмыс: жұмыс дәптеріндегі «Суреттегі заттарды ата. Олар не үшін керек?»
тапсырмасын орындау.
Сергіту жаттығуы:
Жуын, жуын, жуынсақ,
Қандай жақсы қуыршақ!
Әйтпегенде, бөпешім,
Кірлеп кеткен екенсің.
Қазір аппақ боласың,
Қуанады анашың.
(М. Жаманбалинов)
Достарыңызбен бөлісу: