А. М. Наурызбаева СӨйлеуді дамыту әдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет57/73
Дата15.04.2023
өлшемі1,37 Mb.
#83043
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   73
Байланысты:
httpswww.edulife.kzsabaq-kzattachmentsyleud-damytu-dstemelk-nsau.pdf

Дидактикалық ойын: «Біз де» 
Мақсаты: Баланың ой-өрісін кеңейту, ойлау қабілетін дамыту. 
Ойын шарты: ойын жүргізуші ортаға шығып, өзінің ойын айтады. Ойынға қатысушылар 
«біз де» деп қосылып айтады. Егер келіспесе, «жоқ» деген жауап қайтарады. Мысалы:
– Мен бақшаға барамын (біз де) 
– Топтағы ойыншықтарды сындырамын (жоқ) т.б 
 
3.Қорытынды кезең (рефлексия) 
Үй жиһаздарының не үшін керек екендігін толығымен айтып жеткізуге ұсыныс білдіру, 
ойыншықтармен ұқыптылықпен ойнауға кеңес беру. 
 
№28 
Білім беру салалары: Коммуникация Таным 
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту 
Тақырыбы:Суреттеу бойынша тап (дидактикалық ойын) 
Мақсаты
Заттарды сипаттай білуге үйрету.
Міндеттері: 
а) Балаларды заттар мен ойыншықтардың сипаттық бейнесін баяндау арқылы әңгімелеуге 
үйретуді жалғастыру, балалардың сөздік қорын ұлттық дүниелер атауымен байыту 


66 
(сандық – әбдіре, малақай – тымақ, желпеуіш, жалған шаш, теңге сөздерінің мағынасын, 
қолдану аясын түсіндіру).
ә) Зат есімдерді сын есімдермен байланыстырып айта білу дағдыларын дамыту; сипаттау 
мәтінін құрай білуге үйрету, ауызша сөйлеуін дамыту.
б) Киімді күтіп киюге тәрбиелеу. 
Күтілетін нәтижелер: 
біледі: жаңа заттарды, олардың атауын білу; 
түсінеді: заттарды сипаттау арқылы әңгімелеуді; 
қолданады: өз ойын жеткізіп, сұраққа толық жауап беруді
Қолданылатын көрнекі құралдар: демонстрациялық құрал, дәптер, сандық, желпуіш, 
жалған шаш (парик). 
Сөздік жұмыс: тымақ ,малақай 
Билингвалды компонент: сандық – сундук 
 
ҰОҚ барысы: 
1. Ұйымдастыру кезеңі 
 
Педагог өзінің бүгінгі оқу қызметін жұмбақ шешу арқылы бастағысы келіп тұрғанын 
жеткізеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет