А. М. Сманова- алматы: ҚазМемҚызПУ, 2012. 234 б


Қазіргі кездегі Ҥндістанның даму кезеңдері



Pdf көрінісі
бет58/134
Дата16.09.2023
өлшемі1,31 Mb.
#108066
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   134
Байланысты:
Сманова-А.М.-Азия-және-Африка-елдерінің-қазіргі-заман-тарихы

Қазіргі кездегі Ҥндістанның даму кезеңдері.
1980 жылы 
И.Ганди және ҮҰК елдегі тӛтенше мәселелерді шешу керек бол-
ды. Олардың алдына қойған мақсаты: елдің экономикалық тә-
уелсіздігін күшейту, әлеуметтік шиеленістерді болдырмау, орта-
лық билік және штаттар арасындағы қайшылықтарды реттеу, 
этностар арасындағы діни шиеленістерді тоқтату т.б. болды. 
1979 жылғы болған құрғақшылық тағы үлкен қиындықтар 
әкелген болатын. Сонымен бірге мұнайдың әлемдік нарықтағы 
бағасы ӛсіп кетті. Ол импорттың бағасының ӛсуіне алып келді. 
Осындай жағдайдан шығу үшін Үндістан Әлемдік Валюта Қо-
рынан 5 млрд. долл. несие сұрайды: ол мемлекеттік секторды, 
экономиканы кӛтеруге, салықты азайтуға, ӛндіріс орындарын 
реттеу т.б. жұмсалу керек болатын. 1981 жылы қарашада бұл 
бағдарлама ӛз уақытына жетпей-ақ (1984 ж.) тоқтатылды. Оның 
3,9 млрд. долл. жұмсалды.
1980 жылдардың ортасында сикхтар кӛп тұратын 
Пенджаб тағы басқа бірқатар штаттарда лаңкестік оқиғалар 
орын алды. Олар Үндістаннан бӛлініп, «Тазалар елі» Қасиетті 


92 
Халистан мемлекетін құру үшін күресті. 1984 жылы мемлекеттік 
армия оларды қарудың күшімен тоқтатты. Осыған жауап ретінде 
1984 жылы 31 қарашада сикх тайпасынан шыққан оққағары 
Индира Ганди
атып 
ӛлтірілді

Оның орнына баласы 
Раджив Ганди
премьер-министр 
болды. Осы кезде Пенджабтағы дағдарыс шешілмей жатып
1990 жылы тәуелсіз мемлекет құру үшін Кашмир штатында 
жағдай шиеленісіп кетті. Ал экономикалық бағытта Р.Ганди ли-
бералдану және әлемдік шаруашылыққа кӛшуді алға қойды. 
Ӛнеркәсіп және ауыл шаруашылығы ӛнімдері дамыды. 1990 жы-
лы экономикада дағдарыс басталды. Үндістанның сыртқы қары-
зы 23 млрд. долларға ӛсті. Ал, бұл 1990-1991 жылдардағы 
Парсы шығанағындағы соғыс нәтижесінен кезекті мұнай дағда-
рысына алып келді. Үндістанда қаржы дағдарысы басталып
инфляция ӛсті. 
1991 жылы кезекті сайлау науқаны кезінде тамильдік 
(Оңтүстік Үндістан халқы) террористер 
Р.Гандиге
қастандық 
жасап, нәтижесінде ол қаза болды.
Жаңа премьер-министр болып 
В.Нарасимха Рао
тағайын-
далды. Бұл үкіметте кӛп күштерін экономиканы реттеуге бағыт-
тады. Мемлекеттік жоспарлауды тоқтатқан жоқ.
1996-1998 жылдары Үндістанда үш коалициялық үкімет 
билік құрды. Ал 1998 жаңа коалициялық үкімет билікке келді
оның басшысы 
А.Б.Ваджапал
болды.
Үндістандағы тағы бір үлкен проблема халық санының 
шамадан тыс ӛсуі болды. 2000 жылы халықтың саны 1 млрд. 
адамға жетті. Сондықтан мемлекет «жоспарлы жанұя бағдарла-
масын» енгізіп отыр, яғни бір отбасына 2 бала. Үндістан жаңа 
мыңжылдықты күшті тауар-қаржы жетістіктерімен қарсы алды. 
Елдің ішкі кірісі 1991-1992 жылдан бастап 2003-2004 жж. ара-
лығында 6,4% дейін ӛсті. Ӛнеркәсіп саласының даму қарқыны 
баяу кӛрсеткішке ие болғанмен қызмет кӛрсету саласы (әсіресе 
ақпараттық технология) үнемі тұрақты даму жолына түсті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет