60
Саяси бюро құрамында бұрыннан келе жатқан
Чжу Дэ
және
Чжоу Энлай
ғана ӛз орындарында қалды.
1969 жылы «мәдени революцияның»
екінші кезеңі бастал-
ды
. Линь Бяо арнайы түрде Мао Цзэдунның ізбасары болып
жарияланған соң Қытай басшылары арасындағы екі топ арасын-
да мазасыздық пайда болды. Оның бірі «мәдени революцияны»
ұйымдастырып, жүргізуші Мао Цзэдунның әйелі Цзян Цин, ал
екіншісі Мемлекеттік кеңестің премьері Чжоу Энлай. Дегенмен,
1971 жылы түсініксіз жағдайда
Линь Бяо
әуе апатынан
қайтыс
болды
.
1973 жылы басшылық құрамына Дэн Сяопин оралды, ол
ҚКП Мемлекеттік кеңесі премьерінің орынбасары, Чжоу Энлай-
дың жақтасы болды. Алайда радикалдармен ауыр күрес жалғаса
берді, оны тоқтату Мао Цзэдун қайтыс болғаннан кейін ғана
мүмкін болды.
1976 жылы 8 қаңтарда
Чжоу Эньлай
қайтыс болды. Ал ол
ауырып жатқан кезде оның міндетін Дэн Сяопин атқарған бола-
тын. 1976 жылы 9 қыркүйекте 83 жасында ҚКП ОК-нің тӛраға-
сы
Мао Цзэдун
қайтыс болды.
Мао Қытайды ӛте ауыр дағдарыс жағдайында қалдырып
кетті. Арнайы мәліметтер бойынша елде 20 млн. жұмыссыздар,
100 млн. адам аштық күйін кешіп жатты. Негізгі азық-түлік кар-
точка арқылы берілді.
Достарыңызбен бөлісу: