111
мықты бола қойған жоқ. 1977 жылы бұл коалициялық үкімет
ыдырап кетеді. Ұлы ұлттық жиналысқа сайлауда үкіметті
А.Тюркештің қолдауымен қайта С.Демирель басқарды, ал
1978 жылдың қаңтарынан бастап ХДП партиясынан
Б.Эджевит
басқарды.
Бұл кезде тәртіпсіздік бүкіл елді жайлап кетеді: саяси кісі
ӛлтірушілік, күрт сепаратистерінің қозғалысы,
лаңкестік оқиға-
лар - тек екі жыл ішінде (1978-1980) қастандықпен 5241 адам қа-
за тапты. Б.Эджевит әскери тӛтенше жағдай енгізуіне тура келді.
Ереуілдер мен демонстрациялар қуылды, мыңдаған адам қамау-
ға алынды, баспасӛз ұйымдары жабылды. 1979 жылы мұнай ба-
ғасы тағы да кӛтеріліп кетеді, бұл ішкі кірістің 3% қысқаруына
әкеп соқты. 1979 жылы қазан айында Б.Эджевит отставкаға ке-
тіп, үкіметті қайтадан Әділет партиясының кӛшбасшысы
С.Демирель басқарады.
1980-ші жылдары жағдай қайта нашарлады: экономика-
ның кӛрсеткіші тӛмендеді, инфляция және сыртқы қарыз ӛсті.
Елде қайта күрттердің
сепаратистік ұйымы, лаңкестер пайда
болды. 1980 жылы қаңтарда С.Демирельдің экономикалық кӛр-
сеткіші, бірнеше жыл АҚШ-тағы Әлемдік банкте жұмыс істеген
Тұрғыт Озал
түрік экономикасын тұрақтандыру жоспарын жа-
сады. Ол экономикалық саяси бағытты түп-тамырымен ӛзгерту-
ді қарастырды. Жекелей алғанда мемлекеттік ӛнеркәсіптерді
қайта жабдықтау, Түркияда шетелдік капитал қорын еркін айна-
лымға
енгізуге қолайлы жағдай жасау, экономиканы экспортқа
бағыттау болды. Бұл Халықаралық Валюта Қоры мен батыстық
экономистер жағынан қолдау тапты, бірақ елдегі саяси жағдайға
байланысты оны іске асыру мүмкін болмады.
Достарыңызбен бөлісу: