127
минералдардың арақатынасы мен сандық құрамын, сондай-ақ олардың
өлшемділігін анықтау, басты (тұқым құраушы) жəне екінші дəрежелі немесе
акцессорлық (микроскоппен) минералдарды бөлу қажет. Мүмкін болса-
ұлғайтқыш əйнек көмегімен минералдардың диагностикалық белгілері
беріледі.
Жыныстардың құрылымы макроскопиялық түрде анықталады жəне
микроскоппен шлиф бойынша тыңғылықты кезеңде нақтыланады.
Ол мынадай белгілерге сүйене отырып белгіленеді:
1. Жыныстың кристалдылығының немесе түйіршіктілігінің дəрежесі
(жасырын кристаллды, жартылай кристаллды, толық кристаллды, ірі
түйіршікті);
2. Минералдардың немесе түйіршіктердің мөлшері раз (ұсақ түйіршікті;
ұсақ-, орта-, ірі кристаллды);
3. Кристаллдардың
пішіні
жəне
олардың
қатынасы
немесе
идиоморфизмділігі (бұл құрылымдарды көп жағдайда микроскоппен ғана
анықтауға болады).
Достарыңызбен бөлісу: