А. М. Турлыбаева, М. С. Москальцева, А. С. Хажиякпарова, Ю. С. Махмутова жалпы геология


 Метаморфты тау жыныстардың құрылымы мен түзілімі



Pdf көрінісі
бет25/145
Дата07.01.2022
өлшемі2,9 Mb.
#17338
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   145
Байланысты:
2 Жалпы геология

1.5.3. Метаморфты тау жыныстардың құрылымы мен түзілімі 
Метаморты 
жыныстардың 
құрылымы 
қатты 
күйде 
қайта 
кристаллданудың  нəтижесінде  немесе  кристаллобластез  арқылы  пайда 
болады. Осындай құрылымдардың түрлері келесі:   
А)  Кристаллобластты,  олардың  ішінде  минералды  түйіршіктердің 
мөлшері жəне олардың орналасуы бойынша келесі түрлерді ажыратады:   
1. Гранобластты – жыныстың  түйіршіктері  мөлшерлері  бойынша 
салыстырмалы жақын жəне шамамен дөңгелек контурлаға ие болады. 
2. Мүйіздікті  (роговикті) – кетікті  шеттерімен  ұсақ  минералдардың 
түйіршіктерінен тұрады.   
3. Лепидобластты – немесе 
қабыршақты, 
ол 
қабыршақты 
минералдардың болуымен сипатталады (слюдалар, хлориттер, тальк). 
4. Фибробластты – немесе  талшықты  (немесе  баутəрізді),  құрамында 
міндетті  түрде  ине  тəрізді  немесе  талшықты  пішінді  минералдар  болады 
(силлиманиттер, амфиболдар). 
5. Нематобластты – бақаналы,  призмалық,  сабақты  минералдарынан 
құралған, көбінесе амфиболдар тобынан.     
6. Келифитті  (немесе  друзитті) – бір  минералдар  басқа  минералдарға 
жиек  түрінде  өсуі  қарастырылады,  мысалы,  амфиболдың  оливинге  жəне 
пироксен негізгі жыныстарға өсуі.  
7. Пойкилобластты – минералдардың  ірі  түйіршіктерінде  ұсақ 
кірікпелер болады.    
8. Порфиробластты – ірі  түйіршіктер – порфиробласттар  негізгі 
жіңішке түйіршікті массалардың арасында орналасады.    
Б) Катакластикалық – дислокациялық метаморфизмнің жыныстарына 
сипатты;  нəзік  минералды  түйіршіктер  мен  ұсақтаған  жыныстарымен 
сипатталады, майысқыш минералдардың иілуімен (хлориттер, тальктер) жəне 
механикалық деформациялардың болуымен сипатталады. 
В)  Милонитті – жыныстардың  минералды  түйіршіктерінің  белсенді 
ысқылау мен үгілудің нəтижесінде пайда болады жəнне осының нəтижесінде 
жіңішке  шаң  пайда  болады.  Осы  шаң  жіңішке  жолақтарға  ие,  осының 
үстерінде  жаңа  минералдар  пайда  болуы  мүмкін,  олар  сипатты 
порфиробласттар түрінде кездеседі– овоидтар. 


32 
 
Г)  Реликтті  (немесе  қалдықты) – метаморфизмге  ұшыраған  алғашқы 
жыныстардың болуын көрсетеді.     


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   145




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет