А. М. Турлыбаева, М. С. Москальцева, А. С. Хажиякпарова, Ю. С. Махмутова жалпы геология



Pdf көрінісі
бет9/145
Дата07.01.2022
өлшемі2,9 Mb.
#17338
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   145
Байланысты:
2 Жалпы геология

 
сурет. Жердің ішкі қабықтары 
  
Бақылау сұрақтар 
1. Мохоровичич беткейіне анықтама берініз.   
2. Гутенберг шекарасы өзімен не білдіреді?   
3. Сейсмикалық шекараларды атаныз жəне сипаттаныз.   
4. Литосфераға анықтама берініз.   
5. Тектоносфераға анықтама берініз.   
6. Литосфера тектоносферадан қалай ажыртылады?   
7. Астеносфераға анықтама берініз.   
 
 
 


14 
 
1.2.1. Жер қыртысының құрылысы 
Жер  қыртысының  екі  маңызды  түрі  бар – континенталды  жəне 
мұхиттық.  Олар  бір  бірінен  құрылысы,  құрамы,  пайда  болуы  мен  жасы 
бойынша ажыратылады. 
[4; 8]
 
 Континентальды  қыртыс  құрлықтардың  астында  орналасады, 
қалыңдылығы 35-45 км-ден 55-80 км-ге  дейін  жəне  үш  қабатқа  бөлінеді. 
Жоғарғы  қабат  шөгінді  жыныстардан  құрылған  жəне  оның  құрамында  аз 
метаморфталған  жəне  метаморфты  жыныстар  кездеседі.  Осы  қабат  шөгінді 
қабат  деп  аталады.  Геофизикалық  жағынан  ол  Р-толқындардың  төмен 
жылдамдығымен  сипатталады,  шамамен 2-5 км/с  дейін.  Төменде  гранитті-
гнейсті қабаты орналасады, оны кейде гранитті қабат деп атайды. Гранитті-
гнейсті  қабат  кремнеземге  бай  магмалық  жəне  метаморфты  жыныстардан 
құралған  (химиялық  құрамы  шамамен  гранодиориттерге  ұқсайды).  Осы 
қабатта  Р-толқындардың  өту  жылдамдығы 5,9-6,5 км/с  болады.  Гранитті-
гнейсті  қабаттың  астында  келесі  қабатқа  ауысу  орынында  сейсмикалық 
толқындардың  жылдамдылығы  жоғарланады,  осы  жерді  Конрад  шекарасы 
деп  атайды.  Бірақ,  осы  тарау  толығымен  тіркелмейді:  континентальды 
қыртыста  тереңдікпен  толқындардың  жылдамдығы  ақырындап  көтерілуі 
қарастырылады.  Гранитті-гнейсті  қабаттан  кейін  гранилитті-базитті  немесе 
базальтті қабат орналасады. Осы қабатта Р-толқындардың жылдамдығы 6,7-
7,5  км/с  дейін  жетеді,  жылдамдықтың  өзгеруі  жоғары  мантиядан  ауысқан 
кезінде  жыныстардың  құрамы  ауысуымен  негізделген.  Қабылданған  үлгіге 
сəйкес оның құрамы гранулитке ұқсасты.    
Континентальды  қыртыстың  қалыптасуында  əртүрлі  геологиялық 
уақытта  пайда  болған  жыныстар  қатысады,  оның  ішінде  уақыты  көне 
шамамен 4 млрд.жыл жастағы жыныстар кездеседі.  
 Мұхиттық қыртыс салыстырмалы түрде аз қалыңдыққа ие, шамамен 
6-7 км. Мұхит қыртысы екі қабатқа бөлінеді. Жоғарғы қабат – шөгінді қабат, 
аз  қалыңдылықпен  сипатталады (0,4 км  дейін)  жəне  Р-толқындардың  төмен 
жылдамдылығымен (1,6-2,5 км/с).  Төменгі  қабат – базальтті,  негізгі 
магмалық  жыныстармен  құралған  (жоғары  бөлігінде  –базальттар,  астында – 
негізгі  жəне  асанегізгі  интрузивті  жыныстар). «Базальтті»  қабатта  бойлық 
толқындардың жылдамдығы 3,4-6,2 км/с базальттерда жəне 7-7,7 км/с төмен 
орналасқан жыныстарда өседі.  
Замануи  мұхиттық  қыртыстың  көне  жыныстардың  жасы  шамамен 16 
млн. жыл. 
  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   145




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет