№2.4.14 тапсырма Шөгінді жыныстар – аралас жыныстар Жыныстың атауы: Құрамында құм бар саздар. Құрылысы топырақты. Саусақтардың
арасында жеңіл үгітіледі, үгіткен кезде кұм түйіршіктері сезіледі. Түсі ашық-
қоңырлы, сары. Саздың иісіне тəн. Сумен бірге иілімді массаны құрайды.
Суда ұю кезінде құмды, содан кейін сазды бөлшектер шөгеді.
Айырмашылық белгілері: топырақты құрылысы.
Алуан түрліктері: Дөңбектасты саздақ – құрамында ірі дөңбектастар
болады. Пайда болуы мұзды –тасмалданған жəне шөгілген түйіртпекті
материал. Лёссты саздақ, түсі ақ, қоңырлы, сарғыш. Саусақтардың арасында
тез жеңіл ұңтаққа үгітіледі. Тұз қышқылымен жақсы əрекеттеседі. Суда тұну
кезінде құмның бөлшектері өте аз болады.
Қолдануы: құрылысты кірпіштерді жасау кезінде жəне силикатты
өнеркəсіптікте.