2.7.1 тапсырма 1. Берілген қабаттың макеті арқылы (26 сурет) құлау сызықтары мен
созылу сызығы салынған.
2. Осы қабаттың макеті арқылы жатыс элементтерін анықтау қажет:
созылу азимуттерін, құлау азимутын, құлау бұрышын.
2.8. Қадам коэффициентін анықтау Жұмыстың мақсаты: өзінің қадам коэффициентін анықтауды үйрену.
Қадам коэффициентін анықтау кезіндегі технологиялық қадамдар: 1) Белгілі бір жерде өлшеу лентасы арқылы қашықтықты алу – мысалы,
100 м (S).
2) Осы қашықтықты 3 рет жүріп қадамдардың санын анықтау. Мысалы:
Бір жаққа өткенде қадамның саны 126 қадам болды (қ1), екінші рет санағанда
122 қадам (қ2), үшінші рет осы қашықтықты өткен кезде 124 қадам шықты
(қ3).
3) Қадамдардың орташа мəнін табамыз, ол үшін барлық сандар
қосылып, неше рет өтілген мəніне бөлінеді (ОРТ
қс
).
ОРТ
қс
=126+122+124=372/3=124
4) Қадам коэффициентін табу
k
қ
= S/ ОРТ
қс
=100/124=0,80
Осылай, осы кезде қадам коэфициенті 0,80 болады.