А. М. Турлыбаева, М. С. Москальцева, А. С. Хажиякпарова, Ю. С. Махмутова жалпы геология



Pdf көрінісі
бет131/145
Дата07.01.2022
өлшемі2,9 Mb.
#17338
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   145
2.11.2  Далалық кезең 
1. Бағыт жолдың орындалуы келесі реттіліктер тұрады:  
1  Бағыт жолдың басталу күні. 
2  Бағыт жолдың нөмірі. 
3  Бағыт жол ауданың бекіту.   
4  Бағыт  жолдың  мақсаты  жəне  бақылау  обьектің  күтілген 
сипаттамасы.   
5  Бағыт жолдың алғашқы нүктесін бекіту. 

Бағыт жолдың сипаттамасы. 
Бағыт жол бойынша қорытынды. 
2.  Бағыт  жолдың  нөмірі  əр  орындаушымен  барлық  жұмыс  сезоны 
бойынша беріледі. 
3. Бағыт жолдың  бекітілуі дұрыс жəне нақты орындалу керек, кейін 
осы нүктені фактілік материалдар картасында оңай табу үшін. Осы мақсатта 
бағыт  жол  өткізілетін  аудан  учаскесі  көрсетіледі  (өзен  бассейні,  бұлағы, 
үлкен  биіктіктегі  аудан,  шатқалы  жəне  т.б.).  Топографиялық  карталарда 


121 
 
осындай  барлық  атаулардың  болуы  міндетті.  Жерсеріктік  түсірілімдерді 
қолдана  отырып  жұмыс  жүргізу  кезінде  байланыстыруда  бағыт  жол 
орналасқан түсірілімдердің нөмірлері көрсетіледі.  
4.  Күтілетін  бақылау  объектілерінің  сипаттамасы  мен  бағыт  жолдың 
мақсаты  əдетте  бір  жазбада  біріктіріледі.  Күтілген  бақылау  объекттердің 
сипаттамасы  дайындық  кезеңде  құрастырылған  бастапқы  геологиялық 
карталар  жəне  бағыт  жолдың  алдында  қарастырылатын  дайындық  пен 
далалық  жер  серіктердің  суреттері    арқылы  беріледі.  Сипаттамада  қысқаша 
бағыт жолда зертелетін объекттер көретіледі (№1мысал). Геологиялық бағыт 
жолдар  нақты  мақсатқа  ие  болу  керек,  осы  мақсат  ауданның  геологиялық 
құрылысының ерекшіліктерімен анықталады.   
5.  Бағыт  жолдың  бекітуі  жер  бедерінің  нақты  анықталған 
элементтеріне  жəне  адам  қызметімен  құрылған  топографиялық  жағдайдың 
тұрақты элементтеріне (жолдар мен т.б.) қатысты беріледі.    


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   145




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет