7
1 ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ
1.1. Жержылнама жəне стратиграфиялық шкала
Жердің геологиялық тарихы туралы негізгі ақпаратты тау
жыныстардың қабаттары қарастырады, оларда планетада болған өзгерістер
мен органикалық əлемнің эволюциясы сақталған. Геологиялық кезеңдерді
зерттеудің негізіде 1881 жылы екінші Халықаралық геологиялық конгрессте
бірінші жержылнама шкала жəне оған сəйкес стратиграфиялық шкала
қабылданды.
Жер қыртыстың жержылнамасы – геологиялық мерзімі кішігірім
уақыт бірліктеріне бөлінуі. Əр жержылнама уақытына стратиграфиялық
атаулар сəйкес болады (1 жəне 2 кесете).
Жержылнама шкала – Жерде өмірдің дамуы мен оның геологиялық
тарихының негізгі кезеңдердің реттілігі мен бағындыруын көрсететін
салыстырмалы геологиялық уақыттың шкаласы. Жержылнама шкаланың (3
кесте) объекті геологиялық уақыт болып табылады.
Стратиграфиялық шкала – жермен өтілген тарихи дамуының
кезеңдерін
бейнелейтін
жəне
жер
қыртысын
қалыптастыратын
стратиграфиялық бөліктерінің реттілігі мен бағындыруын көрсетеді.
Стратиграфиялық шкаланың объекті тау жыныстардың қабаттары болып
табылады. [8]
Достарыңызбен бөлісу: