Магмалық жыныстар Минералдық құрамы: далалық шпат, кварц.
Түсі: сұрлы, ақ, қызғылт.
Құрылымы: ірі түйіршікті немесе пегматитті (далалық шпатта кварцтің
өсуі).
Түзілімі: массивті.
Тау жыныстың атауы: Жатыс пішіндері: желілер түрінде жатады.
Маңыздылығы: гранитті типті жыныстарымен жəне нефелинді
сиениттермен байланысты пегматиттер үлкен тəжірибелік құндылыққа ие,
өйткені құрамында бірқатар бағалы минералдар болады: топаз, вольфрамит,
касситерит жəне т.б.
Кенорындары: Орал, Кольск жартылау аралы, Карелия, Сібір.
№2.4.9 тапсырма Шөгінді жыныстар – цементтелмеген түйіртпекті жыныстар Жыныстың атауы: Жұмырланбаған есектердің мөлшері 100 мм астам. Құрамы мен түсі
тұрақсыз.
Айырмашылық белгілері: кесектердің цементтелмегенділігі сипатты,
жұмырланбаған пішіндер жəне мөлшерлері үлкен.
Қолдануы: темір жол үйінділерінде, бетон жұмыстарында жəне
құрылыста тас жолдарға балласты материал ретінде.