А. М. Турлыбаева, М. С. Москальцева, А. С. Хажиякпарова, Ю. С. Махмутова жалпы геология



Pdf көрінісі
бет132/145
Дата07.01.2022
өлшемі2,9 Mb.
#17338
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   145
 
№ 1 мысал: бағыт жолды бекіту 
 «Атаусыз лог» жырасы бойынша №5 бағыт жол.   
Мақсаты: түсірілім бағыт жол таскөмірлік пен пермдік жасында пайда 
болған қабаттардың таралуы бойынша өтеді.   
«Атаусыз  лог»  жыраның  басында  «Семей-Өскемен»  көлік  тасжолдың 
маңында СШ бағытында басталды.   
«Қарауыл шоқы» ауданында №2 бағыт жол өтілді.   
Мақсаты:  таскөмілік  жасындағы  сазды  жіктастар  мен  құмтастардың 
жəне  перм  жасындағы  интрузиялардың  қарым-қатынасын  зерттеуге 
негізделген.   
Бағыт жол оқу полигонынан ОБ бағытында басталды.   
 
6.  Бағыт  жолды  сипаттау.  Бағыт  жол  жүрген  кезде  геологиялық 
бақылау  үздіксіз  жүргізілу  керек.  Тек  бақылау  нүктелерінде  сипаттама 
жүргізілмейді,  нүкте  аралық  қашықтығы  мен  жан-жағы  да  сипатталады. 
Мысалы,  ол  антропогенді  объекттер  болады  (карьерлер,  рұқсат  етілмеген 
қоқыс  тастайтын  жерлер,  техногендік  шыққан  орындар  жəне  т.б.)  немесе 
геологиялық  үрдістердің  көріністері  (сырғымалар,  карст  воронкалары),  осы 
кезде 
геологиялық 
объекттерде, 
геоморфологиялық 
элементтерде 
жүргізілетін барлық бақылаулар жазылады.   


122 
 
 
  36 сурет. Нүктенің топографиялық бекітуі 
 
1:50000  масштабты  геологиялық  түсірілім  кезінде  бағыт  жолдың 
интервалын  сипаттаудың  бірыңғай  бөлігі  түрінде,  көптеген  жүздеген  метр 
жəне  тіпті  бірінші  километрге  созумен  жазуға  болады  (жыныстардың  күрт 
ауысуын  үйінділерде,  басқа  стратиграфиялық  бөлімшеде,  жүру  барысында 
байқалғанға  қарағанда,  ашылымдар  мен  т.б.  анықталған  кезде).  Əрбір 
бақылау  нүктесі  нүктедегі  жазбаны  жəне  нүктелер  арасындағы  жүріс 
бойынша жазуды қамтиды. 
  Бағыт жолды сипаттау бөлігі ретінде бақылау нүктесінің сипаттамасы 
мынадай бөлімдерден тұрады  (37 сурет): 
1.нүктенің нөмірі;  
2.əр нүктенің топографиялық бекітуі (36 сурет);  
3.бақылауларды сипатау; 
4.нүктені сипаттау жəне басқа нүктеге дейінгі қашықтықты сипапттау.   
(бақылау нүктесі көп жағдайда қатардағы ашылым ретінде сипатталады.);   
5.
 
Бақылау  нүктесі  (ашылымдарды  қоса  алғанда)  белгілі  бір  нөмірден 
бастап ретімен нөмірленеді;  
6.
 
Бағыт  жолдар,  бақылау  нүктелері  сияқты,  міндетті  түрде  берілген 
азимуттық бағытта топографиялық негізге салынады; 
7.
 
Геологиялық  түсіру  кезінде  бағыт  жолдардың  бастапқы 
құжаттамасының  міндетті  құрамдас  бөлігі  маршруттық  геологиялық 
схемалар-абристер болып табылады. 


123 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   145




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет