А. О. Искакова «Мәшhүр-Жүсіп Көпеев шығармаларындағы мақал-мәтелдер» 6М020500 Филология магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған магистрлік диссертация


Қызға – қырық үйден тыю.  Қыздың



Pdf көрінісі
бет17/23
Дата20.09.2022
өлшемі0,49 Mb.
#39539
түріДиссертация
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23
Қызға – қырық үйден тыю. 
Қыздың қырық жаны бар 
Қызың өссе, қылықтымен ауыл бол,
Ұлың өссе, ұлықтымен ауыл бол» 

6, 78 б.

«Ұл жеп жайына кетті,
Қыз жеп байына кетті. 
Ұл ұяға қонды,
Қыз қияға қонды. 
Ұлың тойшыл болса, аттың соры,
Қызың тойшыл болса, көттің соры» 

6, 91 б.

Осындай қызды сынайтын, қызды мақтайтын, қызды даттайтын мақал-
мәтелдер қаншама. 
Өлім туралы да мақал-мәтелдер Мәшһүр-Жүсіп Көпеев жазбаларында бар.
Өлім туралы мақал-мәтелдердің жалпы саны он бес.
«Өлген - тірілмес,
Өшкен жанбас
мақалында өлген адамның тірілмейтіні, яғни адамның бір туысы немесе
жақын бір адамы қайтпас сапарға аттанғанда жұбату үшін айтылғн мақал-
мәтелдер.
Өлгенге – қара жер, 
Өлмегенге - өлі балық 
Өлгенді: «Өлді!» - дегенге нан,
«Әдет қалды!» - дегенге нанба.
«Тау қозғалды!» десе нан,
«Жаман жақсы болды» - дегенге нанба 
Өлгеніңді жасырасың
Көмгеніңді қайтерсің?!
Өлеңді жерді өгіз семіреді,
54


Өлікті жерде молда семіреді» 

6, 83 б

«Өлетін бала пысық келеді. 
 Өлетін бала тамға қарай жүгіреді.
 Өлетін өгіз балтадан таймас.
Өлмегенге – өтірік дау.
Өлсеңөлесің,
Өлмесең кісі боларсың.
Өлі аруақ орнын құр тастамайды. 
Өлі бураның басынан –
Тірі атан қорқады. 
Өлі – тірінің азығы,
Жақсы жаманның азығы. 
Өліге ас берсең, түсіңнен шықпайды.
Жаманға ас берсең, үйіңнен шықпайды.
Өлімнен ұят күшті» 

6, 84 б.


Ағайын, туыс туралы мақал-мәтелдер саны он сегіз. Мұнда ағайындардың
қарым-қатынасы, бір-біріне деген жанашырлық қасиеттері т.б. жайында
айтылады.
«Аға өлсе, жеңге мұра.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет