А. О. Искакова «Мәшhүр-Жүсіп Көпеев шығармаларындағы мақал-мәтелдер» 6М020500 Филология магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған магистрлік диссертация



жүктеу 0.7 Mb.

бет1/5
Дата15.03.2017
өлшемі0.7 Mb.
  1   2   3   4   5

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

А.О.Искакова

«Мәшhүр-Жүсіп Көпеев шығармаларындағы мақал-мәтелдер»

6М020500 – Филология магистрі

академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған

МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ

ПАВЛОДАР 2015 ж.



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Инновациялық Еуразия университеті

Қорғауға жіберілді:

 «___»  ________________ 20__ж

 «Журналистика және филология»

кафедрасының меңгерушісі,

 филол. ғ. д., проф.

________________ А. Р. Бейсембаев

МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ

«Мәшhүр-Жүсіп Көпеев шығармаларындағы мақал-мәтелдер»

Мамандығы: 6М020500 – Филология

Магистрант 

__________________ А. О.Искакова



(қолы)

ғылыми жетекшісі:

Доктор PhD                                      ________________ Д.Қ. Сапабеков

(қолы)

ПАВЛОДАР 2015 ж.



АҢДАТПА

Бұл   диссертациялық   жұмыста   М.Ж.Көпейұлы   шығармаларындағы

мақал-мәтелдерінің маңызы, шығу тарихы қарастырылады. 

Жұмыстың   өзектілігі   сөз   майталманы   шығармаларындағы   мақал-

мәтелдерді   мағынасына   қарай,   топтастырып,   хадистермен,   шарифтермен

байланысын ашу болып табылады.

Бірінші   бөлімде,   қазақ   мақал-мәтелдері,   яғни   ақын   жинаған   мақал-

мәтелдердің   әдебиеттегі   орны   қарастырылады,   сонымен   қатар,   ұлы

данамыздың   жинаған   мақал-мәтелдерінің   маңызы,   жариялану,   жиналу

жағдайын сарындарына сай зерделеп, жан-жақты сұрыпталды. 

Екінші   бөлімде,   қазақ   мақал-мәтелдерінің   жариялануымен   жиналу

мәселелерін қарастырылды.

Үшінші   бөлімде,   фольклортанушы   ақынымыздың   жинаған   мақал-

мәтелдерін топтастырылып, және де хадистермен арақатынасын байыптадық.

Диссертациялық   жұмыстың   теориялық   маңыздылығы   ғұлама   ақын

шығармаларындағы   мақал-мәтелдерге   тән   сарындарды   саралап,   олардың

көркем тілмен өрнектелген сөз өнеріндегі әдеби байланысының табиғатын

айқындау жұмыстың теориялық маңызын көрсетеді. 

Практикалық   маңыздылығы  диссертация   мазмұнының   –   әдебиет

теориясына   байланысты   теориялық   еңбектер   мен   талдауларға,   әдістемелік

оқу   құралдарына   арналған   еңбектерге   де   тікелей   қатысы   бар.   Еңбектің

практикалық мәні ретінде – оның ғылыми мазмұнын әдебиет теориясы мен

халық ауыз әдебиетінің   арнаулы семинарлар мен арнаулы курстар өтуге де

пайдалануға болады.



АННОТАЦИЯ

В данной работе рассматриваются вопросы по истории возникновения,

значения пословиц и поговорок, которые встречаются в произведениях  М.Ж.

Копеева. 

Актуальность   работы   заключается   в   классификации   по   лексическому

значению   пословиц   и   поговорок   и   в   раскрытии   их   связи   с   хадисами,

шарифами.

В первой главе рассматривается роль, значение пословиц  и поговорок в

казахской   литературе,   собранные   поэтом,   также   делается   комплексный

анализ пословиц и поговорок по времени публикаций на страницах печатных

изданий. 

Во второй главе рассматривается вопрос о сборе и публикаций в целом

казахских пословиц и поговорок.

В третьей главе дан анализ связи пословицам и поговоркам, собранным

великим фольклористом,  с хадисами и дана их классификация.

Теоретическая значимость диссертационной работы состоит в том, что

дифференцированы   лучшие   по   смыслу   пословицы   и   поговорки   в

произведениях   выдающегося     поэта,   определена   литературная   связь     с

искусством слова.

Практическая   значимость   содержания   диссертации   –   просматривается

связь   с   научными   работами   для   методических   учебных   пособий,

теоретических   работах   и   анализе,   связанных   с   литературоведением.

Практической   значимость   заключается   в   том,   что   данную   работу     можно

использовать   в   тематических   семинарах   и   курсах   по   теории

литературоведения и устному народному творчеству.


ABSTRACT

This   paper   deals   with   proverbs   and   sayings   that   are   going   to   great   poet,

folklorist   M.Zh.Kopeev.   Proverbs   are   the   oldest   genres   of   Kazakh   oral   folk

tvorche¬stva.V theses predastavleny following issues: research, publication and

collection of proverbs and sayings that the poet collected and their vzaymosvyaz a

hadith.


Jumıstıñ   Relevance   of   the   initiator   of   the   creation   of   the   meaning   of  the

proverbs  and   sayings  ,   the   consolidation   ahaadeeth   ,  şarïftermen   connection   is

open.

 In the first section , the Kazakh proverbs and sayings , proverbs and sayings



collected by the poet considered the place of literature , as well as having a great

danamızdıñ value mätelderiniñ saying , publication , assembly , according to the

state sarındarına comprehensive study has been sorted .

In the  second  section ,  the  Kazakh  proverbs  and  publication  mätelderiniñ

assembly issues .

In   the   third   section   ,   the   folklore   groups   who   aqınımızdıñ   proverbs   and

sayings , and the concept that the relationship between the ahaadeeth.

The theoretical significance of the thesis work the works of prominent poet

proverbs analyze the specific pattern , artistic pattern to determine the nature of the

literary art of communication in the language of their theoretical value of the work.

The practical importance of theoretical works on the theory of literature and

analysis of the content of the thesis , teaching instruments directly related to the

works.

The practical significance of the contents of the scientific literature as the



labor theory of literature and folklore can also be used to special seminars and

specialized courses .



МАЗМҰНЫ

Кіріспе


7

1

Қазақ мақал-мәтелдері және Мәшһүр-Жүсіп



10

1.1


Ақын жинаған мақал –мәтелдердің әдебиеттегі орны

10

1.2



М .Ж. Көпейұлы жинаған мақал – мәтелдердің маңызы

18

2



Мәшһүр-Жүсіп   және   қазақ   мақал-мәтелдерінің   жариялану,

жиналу жағдайы 

29

2.1


Қазақ мақал-мәтелдерінің жариялануы

29

2.2



Қазақ мақал-мәтелдерінің жиналу мәселелері

34

3



Мәшһүр-Жүсіп және қазақ мақал-мәтелдерінің зерттелуі

38

3.1



М.Ж.Көпейұлының жинаған мақал-мәтелдерін топтастыру

38

3.2



Қазақ мақал-мәтелдерінің хадистермен арақатынасы

65

Қорытынды



72

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

74

6


КІРІСПЕ

Фольклортану   ғылымын   толық   біліп,   әрі   қарай   дамыту   үшін   алдымен

фольклордың жиналу мен жариялану және зерттелу процесін біртұтас күйде

қарастыру   керектігі   күмәнсіз.   Мұндай   ойды   көптеген   алыс   және   шет

ғалымдары,   сондай-ақ   қазақ   фольклорын   зерттеушілер   құптайды.   Мақал-

мәтелдердің   жиналу   процесін   сөз   еткенде,   әрине   әрбір   зерттеушінің

жинаушылық қызметіне толықталумен бірге, оны бір жүйеде қарастыру қажет. 

Жазба әдебиеттен фольклордың негізгі айырмашылықтарының бірі – оның

ауызекі   таралу   мен   сақталу   формасында.   Ал,   бұл   зерттеушіге   де,   жалпы

оқырманға да халық шығармасының толыққанды жетуі үшін, ең алдымен оны

жинау,  мұқият   қағазға   түсіру,  содан   кейін   баспадан   басып   шығаруға   кірісу

міндетін   жүктейді.   Міне,   мұның   өзі   фольклорды   жинаушылық   мызметтің

қаншалықты   жауапты,   ауқымды   мәнді   екендігін   көрсетеді.   Сондай-ақ   халық

мәдениетінің   алтын   қоры   болып   табылатын   фолклорды   жинау   –   бұл   ел

шығармашылығының қаншалықты талантты, жан-жақты екендігін діттеуге жол

ашады.Сонымен   қатар   фольклор   үлгілерін   жинау   ісі   –   бай   фольклорлық

мұраның жойылып кетпей, кейінгілерге аманат етіп сақтап қалудың бірден–бір

жолы екені айдан анық. 

Фольклорды   жинаудың,   жариялаудың,   зерттеудің   алғашқы   тәжірибелері

сонау   ХVІІІ,   ХІХ   ғасырдан   бастау   алғаны   мәлім.   Яғни   бұл   процес

фольклортанушы   ғалымдар:   Ш.Ш.Уәлиханов,   В.В.Радлов,   Г.Н.Потанин,

Ә.Диваев,   М.Ж.Көпеев   т.б.   еңбектерімен   тығыз   байланысты.   Бұлардың

еңбектерінде фольклор үлгілерін әрі жинаудың, әрі жариялаудың, әрі зерттеудің

не бір үздік, әрі өзіндік әдіс-тәсілдері қолданыс тапқан. Олардың тәжірибесі

келесі ұрпақтың фольклорды жинау ісін әрі қарай дамытуына жол ашты. Соның

арқасында бұл дәстүр XX ғасырдың бірінші жартысында да тоқтап қалмай, өз

жалғасын тапты. Бұл кездегі жиналған фольклор үлгілері, оның ішінде  мақал-

мәтелдер  де   өзінің   мәнерлілігімен,   көркемдік   күш-қуаты   неғұрлым   толық

сақталумен  ерекшеленеді.  

Қазақ  мақал-мәтелдер  жинау, жариялау, зерттеу жұмыстары заманның әр

кезінде   жекелеген   көзге   түскен   фольклортанушы   ғалымдар   еңбегімен   тығыз

байланысты   жүргенін   білеміз.   Бұл   процесс   фольклортанушы   ғалымдар:

Ш.Ш.Уәлиханов,   В.В.Радлов,   Г.Н.Потанин,   Ә.Диваев,   М.Ж.Көпеев   т.б

еңбектерімен тығыз байланыста өрістеді. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы

мақал-мәтелдер  жинау  жұмыстары,   негізінен,   тарихи-этнографиялық   сипатта

болды. 


ХХ   ғасырдағы   Қазақстанда   фольклор   үлгілерін   жинау   мәселесі   1917

жылғы Қазан төңкерісінен кейін кең жолға қойылып, қоғамдық маңызы бар іске

айналды. Партия мен өкіметтің бастауымен бұл жағдай қазақ халқының түрі

ұлттық, мазмұны социалистік мәдениетінің гүлденуіне әкеледі деп есептелді.

1920   жылдардың   алғашқы   кезеңдерінен-ақ   үкіметтің   арнаулы   қаулысы

бойынша бір топ ғылыми орталықтар жұмыс істей бастады: Қазақ оқу халық

комиссариат,   Академиялық   орталығының   коллегиясы,   Түркістан

7


республикасының   Халық   комиссариаты   советі   жанындағы   Қазақ   ғылыми

комиссиясы, Қазақ оқу халық комиссариаты жанынан ашылған Қазақ өлкесін

зерттеу   қоғамы   және   тағы   басқа   да   Түркістан   республикасы   мен   Түркістан

өлкесінің қоғамдары мен мекемелері Ғылым академисының орталық өлкетану

бюросымен бірігіп жұмыс істеді.

Қазақстан  фольклортанушылары 1920 жылдарда  халық  ауыз  әдебиетінің

үлгілерін жинап бастыруды қолға алды. Сөйтіп, бұл шаралар қоғамдық маңызы

бар істің біріне айналды. Сондықтан да қазақ мақал-мәтелдер  жинау мәселелері

сол кездің ғылыми съездерінің күн тәртібіне еніп, баспасөз бетінде ол жайлы

пікір алысу басталған.



Тaқырыптың өзектілігі.  Дaрхaн дaлaның ұлы ғұлaмaсы Мәшһүр-Жүсіп

тек   өлең   жaзумен   ғaнa   шектелмей,   сонымен   қaтaр   aуыз   әдебиеті   үлгілерін

көптеп   жинaушылaрдың   бірегейі.   Мәшһүр-Жүсіп   жинaғaн   мaқaл-мәтелдер

қaзaқ   фольклортaну   ғылымының   бай,   мол,   сарқылмас   қазынасы.   Мақал-

мәтелдерді жеке алып қарастырудың маңызды жақтары көп. Біріншіден, мақал-

мәтелдердің   күрделі   табиғатын   танып-білуде   қазақ   қауымының   істелген

істерден   гөрі   істелуге   тиісті   істер   әлдеқайда   көп.   Мақал-мәтелдердің   қазіргі

таңда   қолданылу   аясы   өз   деңгейінде   деп   айту   екіталай.   Себебі   мақал-мәтел

кенжелеп   дамып   келе   жатқан   халық   ауыз   әдебиетінің   саласы.   Әсіресе

қарапайым   халық   мақал-мәтелдеп   сөйлеуді   қашаннан   ұмытқан,   тек   үлкен

әжелеріміз бен аталарымыз ғана бірен-саран айтады. Ол бізге жеткіліксіз. Осы

тұрғыдан   келгенде,   қазақтың   белгілі   фольклористы   Мәшһүр-Жүсіп   жинаған

мол қазынаның бірі – қазақтың мақал-мәтелдері.

Зерттеу тақырыбының нысаны. Тақырыптың нысаны ретінде Мәшһүр-

Жүсіп   жинаған   мақал-мәтелдер   үлгілері   алынды.   Сонымен   қоса   аталмыш

тақырыптың нысаны ретінде алдымен мақал-мәтел жанрының қалыптасуы мен

жиналуына   арқау  болған   халық   ауыз   әдебиетінің   мақал-мәтелдер   жанрының

үлгілері негіз ретінде болды. 

Зерттеу пәні.  Халық ауыз әдебиет үлгілері мақал-мәтелдердің табиғатын

жан-жақты бағымдау.



Жұмыстың   мақсаты:  Мәшһүр-Жүсіп   шығармаларындағы   мақал-

мәтелдердің тақырыптық жағын қарастыру. 



Жұмыстың міндеттері: 

Қазақ   мақал-мәтелдері   және   Мәшһүр-Жүсіп   жазбаларындағы   қазақ



мақал-мәтелдерінің жариялану, жиналу  жағдайын саралау

Ақын жинаған мақал-мәтелдердің әдебиеттегі орнын айқындау;



М.Ж.Көпейұлы жинаған мақал-мәтелдердің маңызын анықтау;

Мәшһүр-Жүсіп   қазақ   мақал-мәтелдерінің   жариялану,  жиналу   жағдайын



саралау;

Қазақ мақал-мәтелдерінің жариялануын қарастыру;



Қазақ мақал-мәтелдерінің жиналу мәселелерін анықтау;

Мәшһүр-Жүсіп және қазақ мақал-мәтелдерінің зерттелуін қарастыру;



М.Ж.Көпейұлының жинаған мақал-мәтелдерін топтастыру;

8


Қазақ мақал-мәтелдерінің хадистермен арақатынасын айқындау.



Ғылыми жаңалығы. Мәшһүр-Жүсіп мақал-мәтелдерінің пайда болуы мен

шығу тарихының түп-төркіні, зерттелуі мен топтастырылуы мен хадистермен

байланысы.

Теориялық  маңыздылығы.  Мәшһүр   Жүсіп  Көпеев  шығармаларындағы

мақал-мәтелдерге тән сарындарды саралап, олардың көркем тілмен өрнектелген

сөз өнеріндегі әдеби байланысының табиғатын айқындау жұмыстың теориялық

маңызын   көрсетеді.   Қазақ   әдебиеті   мақал-мәтелдеріндегі   діни   туындылар

жанрының поэтикалық сипаты арқылы тоғысқан, тұтасқан ерекшелігін зерттеу

ұлттық әдебиеттану ғылымының гуманистік мәртебесін биіктете түсіп, әрі діни-

тарихи тұлғаларды шығармаларына нысана еткен шығармалардың көркемдігі

мен   стилінің   қарастырылуы   диссертациялық   жұмыстың   теориялық   маңызын

арттырады.

Ғылыми   практикалық   маңыздылығы.  Ғылыми   жұмыста   жасалған

тұжырымдау   мен   сараптамаларды,   қорытындылар   мен   нәтижелерді  арнаулы

және жоғарғы оқу орындарында оқытылатын – әдебиет теориясы, халық ауыз

әдебиеті   ,   қазақ   әдеби   сынының   тарихы,   мәдениеттану,   жалпы   тіл   білімі

пәндеріне негізгі әрі қосымша материалдар ретінде қолдануға болады. Сонымен

қатар, диссертация мазмұнының - әдебиет теориясына байланысты теориялық

еңбектер мен талдауларға, әдістемелік оқу құралдарына арналған еңбектерге де

тікелей   қатысы   бар.   Еңбектің   практикалық   мәні   ретінде   –   оның   ғылыми

мазмұнын әдебиет теориясы мен халық ауыз әдебиетінің  арнаулы семинарлар

мен арнаулы курстар өтуге де пайдалануға болады.



Зерттелу   деңгейі.   Қазақ   мақал-мәтелдерін   алғаш   қағаз   бетіне   түсірген

ғалым   –   Шоқан   Уалиханов.   Ал   одан   кейінгі   зерттеушілер   Ә.   Диваев,   Ы.

Алтынсарин,   Ш.   Ибрагимов,   М.   Терентьев,   В.   Катаринский,   Мәшһүр-Жүсіп

Көпеев т.б. болды. 

Қазақ мақал-мәтелдері туралы Абай Құнанбаев өте дәл пікір айтса, оларды

теориялық   тұрғыдан   Ахмет   Байтұрсынов,   Халел   Досмұхамедов,   Сәкен

Сейфуллин,   Мұхтар   Әуезов,   Сәбит   Мұқанов,   Бейсенбай   Кенжебаев,   Қажым

Жұмалиев, Әлкей Марғұлан, Б. Шалабаев, Мәлік Ғабдуллин, Баян Ақмұқанова,

Әбдуали   Қайдаров,   Б.Адамбаев,   Н.Төреқұлов,   С.Омарбаев,   Р.Сәрсенбаев

зерттеді. 



Зерттеу   жұмысының   әдіснамалық   негіздері.  Қазақ   мақал-мәтелдері

туралы Абай Құнанбаев өте дәл пікір айтса, оларды теориялық тұрғыдан Ахмет

Байтұрсынов, Халел Досмұхамедов, Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, Сәбит

Мұқанов,   Бейсенбай   Кенжебаев,   Қажым   Жұмалиев,   Әлкей   Марғұлан,   Б.

Шалабаев, Мәлік Ғабдуллин, Баян Ақмұқанова, Әбдуали Қайдаров, Б.Адамбаев,

Н.Төреқұлов, С.Омарбаев, Р.Сәрсенбаев еңбектерін әдіснамалық негіз ретінде

алып қарастырдық. 

Зерттеу   жұмысының   әдіс-тәсілдері.  Әдебиеттану   ғылымына   тән

жүйелілік, тарихи тұрғыдан жүйелі талдау, жинақтау, салыстыру әдіс-тәсілдері

басшылыққа   алынған.   Сонымен   қатар,   әдебиеттану   ғылымының   тұжырым

9


байыптауларын қарастырған  ғылыми еңбектер диссертациялық  жұмысымыздың

негіз ретінде қарастырылған. 



Кілтті   сөздер:  мақал-мәтел,   халық   ауыз   әдебиеті,   фольклор,   Мәшhүр

Жүсіп, хадистер, сөз өнері, фольклорист, қолжазба.



Зерттеу   дереккөздері.  Әуезов   М.   «Әдебиет   тарихы»   ,   Тұрманжанов   Ө.

«Қазақтың   мақал-мәтелдері»,   Әлімбаев   М.   «Өрнекті   сөз   –   ортақ   қазына»

,Жуковский П. «История слова», Гермеков Г. «Пословицы и поговорки народов

востока», Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 5 том. , Жүсіпов Н. «ХХ

ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ фольклортану ғылымы», Қоңыратбаев

Ә.   «Қазақ   фольклорының   тарихы»   және   т.б.   ғалымдардың   еңбектері

қарастырылды.

Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар: Зерттеу нәтижесінде төмендегідей

қорытынды тұжырымдарды қорғауға ұсынуға болады:

Мәшһүр-Жүсіп   Көпеев   жинаған   қазақ   мақал-мәтелдерінің   сөз   өнерінде



алатын орны ерекше екендігі;

мақалдар мен мәтелдер – мағынасы да, формасы да әлдеқашан қалыптасқан,



өзгеріске онша тез ұшырамайтын тұрақты жанр екені;

халық поэзиясы үлгілерін, оның ішінде мақал-мәтелдерді Мәшһүр-Жүсіп



Көпеевтің ерінбей ұзақ жинағаны;

фольклордың басқа жанрларына қарағанда, мақал-мәтелдерді жинаумен



айналысу фольклорист-ғалымнан ұзақ уақытпен қажымас ізденуді қажет

екендігі;

белгілі   қазақ   фольклортанушысы   Мәшһүр-Жүсіп   Көпейұлының   мақал-



мәтелдерін арнайы зерттеудің мәні өте зор екендігі.

Зерттеу жұмысының жариялануы.

Диссерациялық жұмыс келесі  публикация ретінде жарияланды.

Қазақ әдебиетіндегі мақал-мәтелдер табиғаты. // «ХҮ Сәтпаев оқулары»



Халықаралық ғылыми конференция. – Павлодар қ., 2015 ж. – 77-81 б.

Қазақ   мақал-мәтелдерінің   зерттелуі.   //   Голоса   молодых.(опыт



лингвистических иследований) – Павлодар қ. , 2015 ж. –73-77 б.

Қазақ халқының мақал-мәтелдері. // «Шоқан оқулары - 18» Халықаралық



ғылыми-практикалық конференция. – Көкшетау қ., 2014 ж. – Том 3 –169-

173 б.


Көненің көзі-дананың сөзі. 

// ИнЕУ хабаршысы

Зерттеу   тақырыбының   құрылымы.  Зерттеу   жұмыс   кіріспеден,   негізгі

бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. 

10


1 Қазақ мақал-мәтелдері және Мәшһүр-Жүсіп

1.1 Ақын  жинаған мақал-мәтелдердің әдебиеттегі орны

Хaлық   дaнaлығының   қaймaғы   сaнaлaтын   мaқaл-мәтелдердің   ел   аузынaн

жинaлып,   жaрық   көре   бaстaғaнынa   бірқыдыру   мерзімнің   жүзі   болды.

Ертеректегі aуыз әдебиетінің үлгілерін жинaушы В.В.Рaдлов, Әбубәкір Дивaев,

Мәшһүр-Жүсіп   Көпеев   секілді   зерттеуші   ғалымдардaн   бастaу   aлғaн   бұл

жұмыстан кейін сала қазақ әдебиеті мен мәдениетінің көрнекті тұлғалары да

айналып   өткен   жоқ.   Әр   шақтарда   А.Байтұрсынұлы,   Ж.Аймауытұлы,   Х.

Досмұхамбетұлы, С. Сейфуллин, М. Әуезов, С. Мұқанов сияқты арыстар бұл

іске елеулі үлес қосқандықтарын атап айтуға керек. Бертініректе мақалдар мен

мәтелдерді   жинастыру   мен   зерттеуге   қазақ   қаламгерлері   арасынан   Өтебай

Тұрманжанов, Мұзафар Әлімбаев, Балтабай Адамбаевтар ерекше еңбек сіңірді.

Осылай жұмыла атсалысқан қажырлы еңбектің арқасында ауыз әдебиетінің аса

бағалы   үлгісі   –   мақалдар   мен   мәтелдер   біршама   топтастырылып,   жүйеге

келтірілді деуге болады.

Мақал-мәтелдерді   белгілі   қоғамда   өмір   сүреді   дейміз.   Жалпы   мақал-

мәтелге Қоңыратбаев мынадай анықтама береді: «Ел аузында, көбінесе сөйлеу

тілінде қолданылатын дүр сөздің бай да мазмұнды саласы – мақал-мәтел.

Идиоматизмдер, ойлы фразалар болып келеді. «Сөз асылы - мақал» дейді

халық. Оның айтушылары мен тыңдаушылары да көпшілік. Мақал - логикалық,

образдық   ойдың   қосқанаттасқан   ғажап   табысы,   тәжірибеден   туған

философиялық сөздер» [10, 64 б.].

Қазақ мақал-мәтелдері  –  сөз өнеріміздің телегей-теңіз байлығы, ғасырлар

бойы жиналған халық даналығының айқын көрінісі осы асыл, үнемді, ықшам,

көркем,   шебер,   дәл,   терең,   астарлы   мінезі,   тағдыры;   табиғат,   ғарыш,   оның

толып жатқан  құбылыстары, жан-жануары, өсімдігі, жақсылық пен жамандық,

махаббат пен ғадауат, достық пен  дұшпандық, байлық пен кедейлік, өмір мен

өлім, жастық пен кәрілік, әйел мен еркек  –  осы алуандас құбылыстар, түйіп

айтқанда   адам   баласына   қатысты   мың   сан   көкейкесті   сұраулардың

диалектикалық шешімі бар. 

Қазақ   мақал-мәтелдері   –   қазақ   халқының   тарихының,   моралінің,

эстетикасының, псилологиясының, философиясының поэтикалық шеберлікпен

түйінделген көркем энциклопедиясының поэтикалық шеберлікпен түйінделген

көркем энциклопедиясы. 

М.Әуезов мақал-мәтел жайында былай дейді: «Халық  шығармашылығының

бұл түрі барлық халықта бар. Мұның қазақтағы түрінің ерекшеліктері де мол. 

Қазақ мақал-мәтелдерінің, жұмбақтарының дені өлең түрінде келеді және

сондағы   сөздердің   өзара   үндесіп,   үйлесіп,   ассонанс,   аллитерациялардың   мол

болатындығына   таң   қаласың.   Мағына-мәні   де   мейлінше   терең   болады.

Мәселен: «Сұлу – сұлу емес, сүйген – сұлу», «Тура биде туған жоқ, туғанды

биде иман жоқ». Мұнда ішкі ұйқастар да күшті.

11


Соңғы   буындары   ұйқасумен   бірге   ассонанс   және   аллитерация   үндесіп

келетіндігіне мына мақал мысал: 



Алтау ала болса,

Ауыздағы кетеді,

Төртеу түгел болса,

Төбедегі келеді.

Қазақ  мақал-мәтелдерінің  екінші  бір  ерекшелігі  –  оларда  халықтың   мал

баққан   тұрмысына   байланысты   образдар   мен   сарындардың   мол

ұшырасатындығы» [11, 187 б.] деп қарастырады.

Мәшһүр-Жүсіп   Көпеев   мақал-мәтелдерді   аз   жинамаған.   Мәшһүр-Жүсіп

жинаған   қазақ   мақал-мәтелдерінің   тақырыбы   сан   алуан.   Тағы   бір   ерекшелік

Мәшһүр-Жүсіп   Көпейұлы   мақал-мәтелдерді   жинауда   сол   мақал-мәтелдер

кімнен, қалай жазылғандығын ескертіп отырған. Мысалы  «Шығасы шықпай,

кіресі кірмейді « мақалының шығу төркіні былайша: «Қазақта бір мақал бар:

«Шығасы  шықпай, кіресі  кірмейді» – деген. Бұл сөзге дәлел керек  –  қайдан

алынған   сөз   екендігі.   Хазірет   Сүлеймен   ғалайссаламның   он   үш   жасында

аузынан шыққан сөз екен. Ол сөздің шығу себебі: хазірет Дәуіт ғалайссаламның

халифалық құрған күнінде хазірет Сүлеймен ғалайссалам есік алдында ойнап

жүрсе, бір қатын жаман наза болып, жылап келеді. Бала сұрайды:

- Әй, қатын, неге мұнша күйінді-жылаударсың? – деп. Қатын айтты:

- Екі жетім бала-шағам бар. Өзіміз қара қасқа кедейдің барып тұрғанымыз.

Жалғыз-ақ пұт бидайымыз бар еді, онан басқа дәмкіміз (дәнемеміз) жоқ еді.

Соны диірменге апарып, ақысын беріп, тарттырып алып, қапқа салып, арқалап

келе   жатқанымда,   бір   қатты   дауыл-құйын   соғып,   өзімді   домалатып   жығып,

ішіндегі   ұны-мұнымен   қабымды   ұшырып   алып   кетіп,   артынан   қуып,   өкшем

өшіп жете алмай бара жатқанымда, дарияға түсіріп, Құдай пана берсін, көзіме

бір көрсетпей, қақ ортасына алып кетті. Дарияға түссімен батқан болса, өмір

бойы сүңгісем де, артынан қалмас едім, көз жетпестей жерге, ортасына алып

кетіп,  титығымды  құртты.   Ұнды,  не  қылайын,  әркімнен  сұрап алғам-ды,   бір

жөні болар еді-ау. Қабымды ғана қайтейін?! Өзімнің бар өмірімде еңбек қылып,

тоқып алған қабым еді. «Шешеміз ұн тарттырып алып келеді!  –  деп, қуанып

отырған балаларыма: «Жүзі қара болып, не бетіммен көзіне көрінемін?!» -деп,

соған ішім ашып, күйіп барамын! – дейді.

Қатын жылап, патшаға кіріп еді, екі пұт бидай берді. Қатын қуанып:

Бір жасы мың болғыр-ай, балаларыма құр бармасқа тәуір болды   ғой!  –

деп, алып шықты.

Хазірет Сүлеймен сұрады:

Патша не дейді? – дейді.

Айналайын, әділ патшамыз екі пұт бидай беріп, көсегімлі көгертті, – дейді.

Уай, бейшара, сен  ұн тілей келген тіленші ме едің? Дауыл соғып, ұныңнан

айырылып қалып  келген емес  пе едің? Ұнды олжа көріп қуанба. «Дауылдан

ұнымды алып бер, әділ патша болсаң!» – деп, бар қайтадан. «Желдің үстінен

арызға келіп едім ғой – де», қайта жіберді.

12


Қатын қайта кіріп еді, Дәуіт патша үш пұт бидай берді. Қатын қуанып,

алып шығып еді Сүлеймен ғалайссалам:

-Тағы қайыра бар, – дейді. – «Мен ұн сұрай келгенім жоқ, ұнымды алып

кеткен желден көлденеңімді алып бер!»  –  деп, жабыс, – дейді. – Әділ патша

болсаң,   арманыма   жеткіз,   ақымды   алған   жел   мен   мені   алдыңа   алып   терге,

ұнымды не үшін алғандығын айырып бер! Қазақтың Қарабайы сықылды қайыр

бергеніне мәз болма, патшалық хүкіміңді тура қыл! – деші, не айтар екен? –

дейді.


Қатын қайта кіріп еді, хазірет Дәуіт ғалайссалам:

О заман бұ заман желмен кісі дауласқанын көргенім жоқ. Бар, бейшара, бес



пұт бидай ала ғой! – дейді.

Қатын     қуанып,   бес   пұт   бидай   алып   шығып   еді,   хазірет   Сүлеймен



ғалайссалам:

Әлі  арызыңа   жете   алған   жоқсың.   «Маған   бидайдың   керегі   жоқ,   дауымды



шариғатыңа салып бер. Қанша берсең, қайырыңа ризалығым (ырзалығым)

жоқ, әділшілігіңді көрсет! – деп, жабыс! – дейді.

Қатын тағы қайта кірді:

Мен сізден бидай сұрамаймын, даугермін. Дауымды орнына келтірсеңіз екен! –



дейді.

Дәуіт ғалайссалам айтты:

Уай, қатын, сен қалай жансың, менің алдымнан  қуанып, құлдық бас деп,



бидай   алып   шығасың.   Тек   далаға   шықсаң   болғаны,   қайтадан   келіп

мылжындай   бересің.   Осы   саған   далада   біреу   бір   нәрсені   үйретіп   тұр   ма,

шыныңды айтшы, – дейді.

Өзіңіздің кішкене кенжетайыңыз мені еркіме қоймай: «Қайта баршы!»- деп,



болмай жіберіп тұрған сол! – дейді.

Хазірет Дәуіт ғалайссалам тысқа шығып:

Әй, балам, не үшін бұл қатынды әуре қылып, қайта-қайта кіргізе бересің? –



дейді.

Хазірет Сүлеймен ғалайссалам айтты:

Ата, бұл қатын сізді: «Қара қылды қақ жарып төре беретұғын әділ патша



ғой!»  –  деп   арызға   келіп   тұр.   Ұнын   алып   кеткен   желдің   үстінен   даугер

болып:  «Ұнымды   не  себеплі  алып  кеткенін   біліп  бер!»  –  деп.  Сіз   мұның

арызын   тыңдамай,   дауына   қолын   жеткізбей:   «Дауыс   білмеген   ойбайға

зорлайды»  –  дегендей,   қайыр-садақа   беруге   зорлай   бересіз.   Патшалық   ісі

осылай бола ма екен? – дейді.

Хазірет Дәуіт ғалайссалам айтты:

-

Балам, желмен дауласып, дау алған бар ма?  Желмен мұны көлденеңдестіруге



менің әлім келе ме? – дейді.

Хазірет Сүлеймен ғалайссалам айтты:

«Иттің иесі болса, бөрінің тәңірісі бар», –  деген қайда, желдің де билеушісі бар



шығар. Ол жел де өз бетімен алған шығар. «Желге менің әлім келе ме?»  –

деген   жұрттың   қолынан   сайлап   қойған   қара   патшаның   жұмысы   ғой.   Сіз-

13


құдай   сайлаған   халифа:   сізде   және   пайғамбарлық   күші   бар   ғой!   Құдай

жаратқан   мақұлықта   байлаусыз,   пәтуасыз   бір   қалыпта   тұра   алмайтұғын

нәрсе – жел ғой. Бір уағдасына тұра алмайтұғын адамды жұрт айтады ғой:

«Күнінде желше жүз құбылады», – деп. Бет алдына лағып есетұғын желден

күші   аса   алмайтұғын   болса,   ол   халифалықтан   сізге   не   пайда?   Ол

пайғамбарлықтан   сізге   не   қасиет?   Алла   тәбәрік   отұғлы   сізді   пайғамғар

қылғанда:   «Менің   Құдайлығымды   пенделеріме   таныт!  –  дейді.   Құдайдың

құдайлығын,   құдіретінің   шеберлігін   таныта   алмасың   бар:   «Патшамын,

пайғамбармын!» – деп, несіне мәз боласың?! Жел де – Құдайдың қызметкері,

сіз де  –Құдайдың қызметкері. «Менің қол астымдағы бір жесір қатынның бір

пұт ұнын қабыменен бір жел алып кетіпті. Өзің жұмсап па едің? Өз бетімен

қылған ісі ме?» – деп сұра Құдайыңнан. Бұл бейшара қатынның көз жасын

Құдайдан сұрап беруге намыстанғаның ба, жоқ, ерінгенің бе? – дейді.

Хазірет   Дәуіт   ғалайссалам   айран-асыр,   дал   болып   тұра   қалды.

Ғибадатханасына   барып,   Құдай   тәбәрік   отғылыға   мінәжат   қылды.   Сәждеге

басын қойып, көтеріп алып еді. «Әссәлам-ғалейкум!» – деп, адам суретінде бір

періште жетіп келді:

-Иа, бәни-алла, ол қатынның арызы турасында, міне, мен келдім. Мен желге



мүкіл (өкіл) періштемін. Ол қатынның қабыменен ұнын мен һәм өз бетіммен

желге   алдырғаным   жоқ.   Дарияның     жүзінде   іші   саудагер,   дүние   талап

қулармен толық бір кеме келе жатыр еді. Кемесі толған пұл еді, адамзатқа не

керек-жарақ түгел еді. Дарияның ішіндегі бір тасқа соқтығып, кемелерінің

астынан бір  жері жарылды.  Сол жарықты бітеуге шамалары  келмей, суға

ғарық   (қарық)   боларлық   дәрежеге   жеткен   соң,   қойдай   маңырап,   қозыдай

шулап, Құдайға жыласты:

-Иа, Құдай, осы дарияға қарық қылмай, балыққа жем қылмай, бізді сәлемет



шығарсың, құтқарсаң,  сенің күшті құдіретінің  құдайлық жолына һәм жол

садақасына   кемедегі   малдың   қақ   жартысы   жетім   мен   жесірдікі   болсын!

Жетім мен жесірдің көзінің жасының құрметі үшін бізді бұ пәлеңнің құтқара

көр! – десіп, ботадай боздасты. Сол уақытта олардың шын жабығып жылаған

наласы Құдайға жетіп, Алла тәбәрік отұғлы маған бұйырды: 

Пәлен жерде бір жесір қатын қаппен ұн арқалап келе жатыр. Соның ұнын



қап-мабымен алып келіп, кеменің жарығына тық! – дейді. - Бұлардың жаны

өлімнен аман қалсын да: «Жетім-жесір үшін!»  –  деп арнап, айтқан құдайы

садақа нәзірі сол қатын мен ек баласына берілсін! – дейді. Сол кеме осы

күнде   дарияның   жүзінде.   Алдынан   кісі   тостырыңыз.   Пәлен   күнде,   пәлен

сағатта құрғаққа шығады.Кеменің түбінің жарығын қараттыңыз, қатынның

ұны   қабымен   тығын   болып,   су   кіргізбей   бөгет   болып   тұр.   Ол   керуеннің

бірде-бірі оны көрген жоқ, тек: «Құдай сақтады» - деуменен келеді. Қалай

сақтағандығынан   хабары   да   жоқ.   Сіз   Құдай   тәбәрік   отұғылының   бұл

шеберлігін   халыққа,   жұртқа   шашып   есіттіріңіз   де,   кеменің   жарығына

тығылған қабын танып қатын алсын және Құдайға айтқан нәзірін сепсітпей,

14


шып-шырғасын   шығармай,   қалпынша   керуен   бұл   қатынға   берсін!   Міне,

Құдайдың құдайлығы осы, ешкімге залал салмайды. 

Пендесіне   не   тағдыр   қылса,   ақыры   сол   пендеге   жаны   ашып

болысқандығы болады, – дейді.

Мұнан   соң   қазірет   Дәуіт   ғалайссалам   қатынды   жібермей,   атып   қойып,

дарияның жағасына қарауылшы қойып, қатынды ертіп, кідірмей керуендер де

құрғаққа   шығып,   қысылған,   сасқандығына   пейіл   болысып,   жандары   аман

қалғанына   қуанысып,   айтқан   нәзірлерін   бір   жесір   қатын,   екі   жетім   балаға

шашау   шығармастан   түгел   берісіпті»   [6,   94,97   б.].   Мәшһүр-Жүсіп   Көпеев

мақал-мәтелдердің шығу төркінін осылайша берген. 

Мақал-мәтелдер  – әрбір халықтың көне де байырғы рухани қазынасы. Ол –

өз бастауын адам баласының тым ертедегі саналы қоғам құраған балаң  кезінен

алып,   ғасырлар   бойы   еленіп-екшеліп,   сұрыпталып,   толассыз   толығып   келе

жатқан жанды құбылыс, халық даналығының қорланып жиналған қоры, атадан

балаға, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып келе жатқан рухани мирасы.

Мақал-мәтелдердің   пайда   болып,   қалыптасуын   Әбдуали   Қайдар   мырза

былайша береді: «мақал-мәтелдер үлкен екі түрлі объективті факторға байланысты.

Оның біреуі және негізгісі – ішкі фактор да, екіншісі – сыртқы факторМақал-

мәтелдердің   ішкі   факторға  байланысты   пайда   болып,  қалыптасуын   әрбір

этностық   қауымның   халық   болып   қалыптасуының   ұзақ

 

тарихи   процесіне,



рухани өмірі мен мәдени-әлеуметтік жағдаятына,тіршілік-тірлігі мен күн көріс

тәсілдеріне,   өзіндік   дүние   танымы   мен   болмыстағы   құндылықтарды   бағалай

білуіне байланысты деп білсек, сыртқы факторын сол этникалық қауымның бір

табиғи ортада, географиялық аумақта (уакытша,  не  тұрақты) бірге жасап, біте

қайнасып кеткен басқа халықтармен араласуының, бір-біріне тигізген рухани-

мәдени   әсеріне  байланысты   деп  қараған   жөн.   Көрші   отырған   халықтардың

өзара жан дүниесімен де, салт-дәстүрімен де араласуын қазақ атамыз  «Ақыл

ауысады, ырыс жұғысады» деп бекер айтпаса керек.

Мақал-мәтелдердің  ішкі   факторларға  байланысты   пайда   болуы   мен

калыптасуының   ең   алғашқы   себептері   мен   тәсілдері   әр   алуан.   Солардың   ең

бастысы: біріншіденсаналы қауымның өзі өмір сүрген табиғи ортаны, табиғат

құбылыстарын   танып-білуіне,  екіншіден,  тіршілік   көзі  –  еңбек   процестерін,

кәсіпшілікті меңгеруге, үшіншіден, адамдар арасындағы қарым-қатынастардың

қыр-сырын терең ұғынуға байланысты болса керек.

Мақал-мәтел   жанрының   дүниеге   келуінің   екінші   бір   объективті  себебі:

табиғат   құбылыстарының   өзгеруі  мен   даму   заңдылықтарын  танып-білуден,

тірлік-тіршілік   көздерін   меңгеруден,  адамдар   арасындағындағы   сан   алуан

карым-қатынастардың   кыр-сырын   терең   ұғынудан   туындаған   ой-тұжырмын,

тәжірибе-тағылымын көп сөзбен ұзақ баяндаудан гөрі, тұжырымдап, қорытып,

қысқа  да  нұсқа   түрінде   айтып   жеткізу   мақсатына  байланысты.  Қазақтың

«Тоқсан   ауыз   сөздің  тобықтай   түйіні  бар»  –  деп  ескертуі  де,  міне,   осыдан

туындаған   мақал.   Үлкендердің   жас   ұрпаққа   айтатын   өнеге-өсиеті,   ғибрат

сөздері, ақыл-кеңесі қанша ұзақ айтылса да, ұнамды, пайдалы, әсерлі болса да,

бәрі бірдей толық есте сақталып, жадында жатталмауы мүмкін. Сондықтан да,

15


ертедегі  данышпан  бабаларымыз  жастарға, қалың  жұртқа  бағыштаған  өсиет-

өнегесін,   ғибрат-тағылымдарын  қорыта   келе,  елдің   есінде   қалатындай   етіп

қысқа да нұсқа түрінде бір ауыз түйінін бейнелеп айтуға тырысқан.

Бұл   әдет   қазақ   қауымында   тым   ертеде-ақ   салт-дәстүрге   айналып,

даналықтың негізін салып, шешендік өнерін қалыптастырған. Басқа халықтарға

қарағанда мақал-мәтелдердің қазақ  қауымында  ділмар  шешендер  мен дана  би,

айтқыштар   баяндаған  рухани  өмірдің   ұйытқысы   болып,   кең   етек   жаюы  да

осыдан болса керек.  Қазақ  қауымында  халық даналығы  мен  оның ұйытқысы  -

мақал-мәтелдердің  толассыз  дамып,   толыға  келе,   бай  қазына   болып

қалыптасуының   тағы   бір   объективті   себебі  –  ана   тіліміздің  мол   рухани

байлықты бойына сақтай білетін бейнелі де көркем табиғатына байланысты.

Міне,  осы факторлардың  негізінде қалыптасып, дамыған, бүгінде жалпы

саны 15 мыңға жеткен қазақ мақал-мәтелдері көненің көзі, дананың сөзі ретінде

қазақ халқының өзімен бірге жасап, атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа ауысып,

елдің   жадында   сақталып   келе   жатқан   асыл   мұра   болып   саналады.   Олар  –

ұрпақпен бірге мәңгі-бақи жасай беретін, ескірмейтін асыл қазына және замана

талабына сай жаңғырып, жаңаланып отыратын жанды да өміршең құбылыс.

Мақал-мәтелдер – халықтың атам заманғы өткен өмір-тіршілігі мен бүгінгі

болмысын болашағымен жалғастыратын «алтын арқау»; олар – рухани, мәдени

салт-дәстүрді   жалғастырудың,  адамдар  санасында,   коғам  жадында,  тілінде,

ділінде   сақталуының   бірден-бір   кепілі.   Бұл   қазына-байлықтан   айрылған

этникалық қауым – өзінің өткен өмірінен айрылды деген сөз, ондай қауымның

болашағы да жоқ.

Макал-мәтелдер қорының толассыз толығып отыратын өміршең де жанды

құбылыс,   тіпті   уақыт   өлшемі   екендігін   дәлелдейтін   бір   мысал   келтірейік.

Мәселен, ел аузында «Тозға түспегеннің бәрі тарих емес» – деген мәтел бар. Ол

қазақ, қауымында  әлі  қағаз  пайда бола  қоймаған,  ел  өз ойын, тарихын таңба-

белгілерін тасқа қашап, кесек бетіне бәдіздеп, теріге батырып, матаға кестелеп,

қайың   қабығы  –  тозға  ойып   жазған   есте   жоқ   ескі   кездерді   елестетіп   отыр.

Мағынасы «тозға жазылған хат қана ұзақ сақталатын тарих болып саналады»,

яғни   «хатқа   түспей,   ауызша   айтылған   әңгіменің   бәрі   тарих   емес»   дегенді

аңғартып тұр. Мақал өз заманының ұғым-түсінігін баяндап тұрса да, оның ауыс

мағынасы бүгінгі  ұрпаққа да түсінікті: «хатқа түспегеннің бәрі шынайы тарих

емес».


Қазақ   тіліндегі   мақал-мәтелдерге   қатысты   материалдарға   шолу   жасау

барысында оларды жинақтау, сұрыптау, жүйелеу, жариялау ісінің екі кезеңнен

тұратыны анықталды, оның алғашқысы – XIX ғасырдың екінші жартысы. Кеңес

дәуірінің 1948 жылдарына дейін мақал-мәтелдерді тек халық аузынан жинап,

жеке басылым  ретінде  шығару жұмыстары  жүргізілген   болса, екінші  кезең -

оларды тілдік тұрғыдан зерттеудің қалыптасуымен сипатталады.Қазақтың мақал-

мәтелдерін алғаш қағаз бетіне түсірген ғалым  –  Ш.Уәлиханов. Ш. Уәлиханов

пен Н.Н. Березин архивтерінде XIX ғасырдың елуінші жылдарында ел аузынан

жазып алынған екі жүзден аса мақал-мәтелдер сақталған. Сондай-ақ, қазақ ауыз

әдебиетінің   басқа   үлгілерімен   бірге   қазақ   мақалдары   мен   мәтелдерін   де

16


жинақтап, жеке жинақтар шығарып, қазақ тілі мен әдебиетінің, тіл ғылымының,

мәдениетінің дамуына зор үлес қосқан Ы. Алтынсарин, Ә. Диваев, В. Радлов,

Щ.   Ибрагимов,   М.   Терентьев,   т.б.   сынды   ағартушы,   ғалымдардың   еңбегі

ерекше.Қазақ мақал-мәтелдерінің ғылыми тұрғыдан зерттелуіне арналған іргелі

монографиялық   зерттеулер   де,   мақалалар   да   баршылық.   Солардың   ішінен

ғалым   Б.   Шалабаев   алғашқылардың   бірі   болып,   аталмыш   тұрақты   тіркестер

тобын   арнайы   қарастырып,   олардың   негізгі   мағыналық   топтарын,   жанрлық

ерекшеліктерін   анықтады.   М.   Ғабдуллин   өзінің   «Қазақ   халкының   ауыз

әдебиеті»   деген   еңбегінде   қазақ   халкының   шаруашылығын,   кәсібін,   тұрмыс-

тіршілігін   сипаттайтын   мақал-мәтелдердің   өмір   танытқыштық   мәні   мен

қызметін айқындаса, С. Нұрышев оларды даму тарихы тұрғысынан  қарастырды.

Мақал-мәтелдер – қалай, тура сол ойды әртүрлі сөздермен айтуды үйрену үшін

берекелі   мәлімет.  Монолог   және   диалог   сөйлеуіне   үйретуде   олар   ауыспалы,

сондықтан   таңдалған   тақырып   өзекті   болып   табылады.   Мақал-мәтелдер   –

ауызша   халық   шығармашылығының   кең   тараған   жанры.   Олар   адамдарды

баяғыдан бері алып жүреді. 

Тиянақты   ұйқас,   кәдімгі   формасы,   қысқалылық   сияқты   мәнерлі   сөздер

мақал-мәтелдерді   тұрақты,   есте   сақтаулы,   сөйлеуде   қажет   етеді.   Мақал-

мәтелдер – халық шығармашылығының көне жанры. Олар көне заманда пайда

болды, және өз пайда болу тарихымен ғасырлар тереңіне кетеді. Олардың көбі

жазу шықпай тұрып пайда болды. Сондықтан олардың алғашқы қайнар-көздері

туралы   мәселе   ашық   болып   саналады.   Ағылшын   мақал-мәтелдер   пайда

болуының   осындай   негізгі   қайнар   көздері:   халықтық,   әдебиеттік,   библиялы

пайда   болуы,   басқа   тілден   алынуы   және   мақал-мәтелдер   ретінде   Шекспир

цитаталарының   пайдаланылуы.   Мақалдарды   мәтелдерден   айыру   керек.

Мақалдың  басты  өзгешелігі  болып оның бітімі және дидактикалық  мазмұны

табылады.   Мәтел   үйрету   мінезімен,   ақылды   қорытындының   бітімсіздігімен

айырылады.   Мақал-мәтелдер  –  сөздік   құрамның   халық   өміріндегі   әрқилы

кезеңдерді, қарым-қатынас пен қоғамдық құбылыстарды бейнелей сипаттайтын,

көңілдегі   ойды   шебер   де   ұғымды   жеткізетін,   қысқа   да   нұсқа   тұжырым

жасайтын,   мән-мазмұнға   бай   бөлігі.   Демек,   халық   өмір   шындығын,   кеңілге

түйгенін мақал-мәтел ретінде өз ұрпағына үлгі-өнеге етіп қалдырып отырған.

Аталмыш тілдік бірліктер арқылы жас ұрпақты елін-жерін сүюге, ерінбей еңбек

етуге,   білім   алуға,   адал,   кішіпейіл   болуға   үндеп,   жалқаулық,   өсек-өтірік,

мақтаншақтық тәрізді қасиеттерден бойын аулақ салуға тәрбиелей білген.

Енді жаңа дәуірде пайда болған, жаңа нарықтық қатынастың, яғни шағын

кәсіпшілердің шығуына байланысты, кеше ғана дүниеге келген: «Шағын кәсіп –

елге   нәсіп»  деген,   мақалды   алатын  болсақ,   ол   замана   талабына  сәйкес

елбасының   қолдауымен   елімізде   (Қазақстанда)   кең   дами   бастаған   шағын

кәсіпшілердің іс-әрекетін дәріптеуден туындап отыр. Мұндай мақал-мәтелдер

де даналык қорына енуі ықтимал.

17


Ақын   жинаған   мақал-мәтелдердің   мәнісі   орасан   зор.  ақынымыз

жомарттық,  адалдық,  адамға мейірімділік таныту, адамгершіліктен ажырамау,

ұстаздық   мән-мағынасын   ашып,   зерделеу,   жақсылық   пен   жамандықтың

арқатынасы қандай екені дегендей, алуан түрлі мәселелерді қозғады, халықтың

ойына жеткізе білді. Оның терең білімінен, даналылығынан, кемеңгерліліліген

ой   түрткі   болатындай   жырлар   туындады.   Әр   адамзат   пендесінің   мінез-

қасиеттерін саралап өткендей болды. 

Міне,   осылай   пайда   болып,   еленіп-екшеліп,   халық   жадында   сақталып,

өзінше қорланып, даналықтың ұйытқысына айналған қазақ мақал-мәтелдерінің

құрамдық-құрылымдық,   мазмұн-мағыналық   табиғаты  да  күрделі,   қолданыс

ауқымы  да   кең,  іштей   жіктеліп,  сан   алуан  нысанды   қамтитын   тақырыптық-

материалдық,   логикалық-семантикалық   топтары  да  көп.   Мақал-мәтелдер  -   о

баста   тура  мағыналары   негізінде   қалыптасып,   одан   абстракциялану   арқылы

ауыс мағыналарға ие болатын күрделі кұбылыс.

Бұл тарауда мақал-мәтелдердің  пайда болуы мен  қалыптасуына катысты

кейбір мәселелер қарастырылды.

Халық даналығының қазына-байлығы саналатын мақал-мәтелдердің және

де сол сияқты басқа да тұрақты тіркестердің пайда болуы, әдетте, тіл өнерінің

дамуына, сол тіл арқылы адамзат қауымының асыл арманын, ақыл-парасатын,

өмірлік   тәжірибесін,   дүниетанымын   ұрпағына   ғибрат   етіп   ұсыну   әрекеті

нәтижесінде туындап, қалыптасқан рухани құбылыс болып есептеледі.

Әрбір халықтың даналық болмысы сол халықтың өз тілінде, өз даналары

мен   ақылмандарының,   ділмар-шешендер 

мен   айтқыштарының   ой-

толғаныстарының   мәнді  де   маңызды,   қысқа   да  нұсқа   үлгілері   негізінде

қалыптасады. 

Филология ғылымының докторы, профессор Жүсіпов Қуандық Пазылұлы

өзінің   «Мәшһүр-Жүсіп   Көпейұлы»   атты   еңбегінде   Мәшһүр-Жүсіптің   мол

мұрасының   зерттелуі   жайында   былай   дейді:   «Еліміздің   Егемендік   алуымен

байланысты   Мәшһүр-Жүсіп   Көпейұлының   мол   мұрасын   зерттеуге   кеңінен

мүмкіншілік туды. Әсіресе, Елбасының қолдауымен басталған «мәдени мұра»

бағдарламасына орай, мәшһүртанушылар ақынның туғанына 150 жыл толуына

«Мәшһүр-Жүсіп   шығармаларының   20   томдығын   дайындап,   басып   шығаруға

белдерін бекем буып отыр. Қазір мәшһүртанушылар ақынның шығармашылық

лабораториясын әр қырынан қарастыруда».

Қорыта айтсақ, Қазақ фольклоршылық қызметін зерттеу қазақ фольклоры

тарихын қамтумен бірге қазақ халқы мен көршілес елдер тарихи байланысын,

туыс елдер әдебиетінің бір-біріне ықпалын , олардың тамырлас, ортақ рухани

бастау көздерін ашуға септігін тигізеді.

Қазіргі   таңда   Мәшһүр-Жүсіп   мұрасын   зерттеушілер   тобы   біршама.

Мәшһүр-Жүсіптің томдықтары көптеп шығуда. Бұл да қуантарлық жағдай. 

18



  1   2   3   4   5


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал