Байланысты: А. О. Сарыбаева, Р. С. Кенжебекова-emirsaba.org
Subjunctives and Conditionals The Subjunctive Mood / Шартты рай
The Subjunctive Mood белгілі бір іс - әрекеттің жүзеге асуын қалауды, немесе істің
жүзеге асуын болжауды білдіреді.
to be етістігі осы шақта барлық жақта be формасын сақтап қалады. Ал ӛткен шақта,
барлық жақтармен were формасында болады.
Present Tense Past tense I be
He, she, it be
We be
You be
They be
I were
He, she, it were
We were
You were
They were
2. to be және were формасы ырықсыз етісте де ӛзгермейді.
Subjunctive Mood Passive Voice Present Tense Past tense I be sent
He, she, it be sent
We be sent
You be sent
They be sent
I were sent
He, she, it were sent
We were sent
You were sent
They were sent
3. Шартты райда ашық райдағыдай үшінші жақ, жекеше түрдегі s- жалғауы етістікке
жалғанбайды.
Subjunctive Mood Present Tense I work
He, she, it work We work
You work
They work
Шартты райдың қолданылуы 1. That шылауымен басталатын бастауыш бағыныңқы сӛйлемдерде, жақсыз
орамдардан кейін (it is necessary, it is important, it is desirable):
e.g.: It is desirable that he be there at five o`clock.
2. Бұйрық, болжам, ұсыныс, келісім, батылдықты білдіретін етістіктерден кейін
толықтауышты бағыныңқы сӛйлемдерде (to order, to command, to suggest, to propose, to
decide, to agree):
e.g.: He ordered that the goods be sent immediately.
3. Lest шылауынан кейін мақсат бағыныңқы сӛйлемде:
e.g.: They covered the goods with canvas lest they be damaged by rain.
Present Subjunctive АҚШ-та жиі қолданысқа ие болса, Англияда бұл форма тек ресми
іс-қағаздарда қолданылады. Қазіргі әдеби тілде және ауызекі тілдегі қолданыстағы
Present Subjunctive should + infinitive формасында қолданыста.