А. С. Макаренко ғалым, тәжірибелі ұстаз, 1922 ж педагогика ғылымының объектісі бала емес «педагогикалық факт (құбылыс)» деп жазған, бірақта бала, адам зерттеушінің бақылауынан алынып тасталмайды. Керісінше, адам тур



Дата14.09.2023
өлшемі16,65 Kb.
#107371
Байланысты:
Педагогиканың теория және әдіснама


«Педагогика» дегеніміз өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу туралы ғылым болды. Педагогика жайындағы мұндай ұғым дәстүрлі ұғымға айналды да, көп уақыттар бойына сақталып қалды. Алайда адамзат қоғам үнемі дами келе адамдарды тәрбиелеу мен білім беру ісіне үсті — үстіне жаңа талаптар қойды, тәрбиенің арнасы кеңейді, ересек адамдарға білім беріп, оларды бір мақсатқа орайластыра тәрбиелеу үшін арнаулы оқу орындарына деген қажеттілік келіп шықты.
А.С.Макаренко – ғалым, тәжірибелі ұстаз, 1922 ж. педагогика ғылымының объектісі бала емес «педагогикалық факт (құбылыс)» деп жазған, бірақта бала, адам зерттеушінің бақылауынан алынып тасталмайды. Керісінше, адам туралы ғылым бола отырып, педагогика жеке адамның дамуын, қалыптасуын мақсатты түрде зерттейді.
Сондықтан, педагогиканың объектісі ретінде дамумен байланысты жүйелі педагогикалық құбылыс болады. Осы құбылысты білім беру деп атайды. Білім беру объективі әлемнің бір бөлімі. Педагогика пәні дегеніміз – ол білім беруде арнайы әлеуметтік институттарда (отбасы, тәрбие мекемелері) ұйымдастырылатын біртұтас педагогикалық үрдіс.
Педагогиканың теориялық функциялары үш деңгейде жүзеге асырылады: сипаттамалық немесе түсіндірмелік-алдыңғы қатарлы іс-тәжірибені оқып–зерттеу, диагностикалық — мұғалім мен оқушылардың іс-әрекеттерінің нәтижелі болуын анықтау, олардың жағдайымен себептерін білу. Болжамдау- педагогикалық жағдайды эксперементалды түрде зерттеу. Соның негізінде моделдеу, ғылыми негіздеме жасу. Технологиялық функция үш деңгейде жүзеге асырылады жобалау әдістемелік материалдар жасауға байланысты (оқу жоспары, бағдарламалар, оқулықтар, педагогикалық нұсқалар) жүргізу.
Жақсарту мақсатында педагогика ғылымының жетістіктерін практикаға енгізу. Рефлексивтік ғылыми зерттеу нәтижелерін оқыту мен тәрбие жұмыстарында бағалап, қолдана білу.
Сонымен, педагогика – жас ұрпақ пен ересектерге жан-жақты тәрбие, білім беру, оқыту заңдылықтарын айқындайтын ғылым. Педагогиканың бұл анықтамасын «тәрбие», «білім беру», «оқыту» ұғымдары қамтиды.
Енді негізгі педагогикалық ұғымдарға тоқталайық.
Әрбір ғылымның өзіне тән зерттейтін саласы және ғылыми ұғымдары бар. Мысалы, философиядағы ұғымдарға «болмыс», «материя», «қозғалыс»; саяси экономияда – «қоғамның өндіргіш күштері мен өндірістік қатынастары», ал педагогикада – «тәрбие», «білім беру», «оқыту» жатады.
Ұғымдар /категориялар/- объективті құбылыстарды, қасиеттерді және қатынастарды бейнелейтін ойлау формасы. Сонымен бірге ұғымдар – біздің санамыздың сатылары. Педагогикалық ұғымдар арқылы педагогикалық құбылыстарды, олардың өзара байланысын танимыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет