А. С. Макаренко ұжымды қалыптастыруға үлкен мән берген. Ұжымсыз жеке тәрбие ойдағыдай болмайды, тәрбиенің мақсатына ұштаспайды. Балалардың ұжымдары мен талаптары да ұжым арқылы ғана дамып жүзеге шығып отырады. Ұжымды
Оқушылар ұжымын қалыптастырудағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері 5
Сұрақтар:
1. «Ұжым» туралы түсінік.
2. Ұжымның даму кезеңдерi. Мектептегi тәрбие ұжымының құрылымы.
3. Ұжымның қоғамдық пiкiрдi қалыптастыруы.
Қоғамдық пікірді оқушылар арасында ұжымдық өмірдің әртүрлі құбылыстары мен фактілеріне берілетін басым бағалау деп түсіну керек. Әрине, тәрбие процесінде ұжымда салауатты қоғамдық пікір қалыптастыру қажет.
Оқушылар ұжымының түрлерi.
ал мектеп базасында оқушылар ұжымдарының бірнеше түрі жұмыс істейді: мектеп сыныптары, Пионер отрядтары және комсомол топтары, клуб үлгісіндегі ұжымдар, өндірістік бригадалар.
4. Балалар ұжымының кезеңдері.
Балалар ұжымының даму кезеңдері. Кез-келген шағын топ сияқты, мектеп сыныбы да өзінің қалыптасуы мен дамуында бірнеше кезеңнен өтеді. Берілген Ұйымдық құрылым аясында пайда болған ол үнемі динамикада болады, өйткені балалардың өздері өзгереді, тұлғааралық қатынастар, қатынастар, психологиялық атмосфера өзгереді. А. С. Макаренко қозғалыс – ұжымның өмір формасы, аялдама – оның қайтыс болу формасы екенін атап өтті.
5. Ұжымының қалыптасу жолдары.
А.С. Макаренко ұжымды қалыптастыруға үлкен мән берген. Ұжымсыз жеке тәрбие ойдағыдай болмайды, тәрбиенің мақсатына ұштаспайды. Балалардың ұжымдары мен талаптары да ұжым арқылы ғана дамып жүзеге шығып отырады. Ұжымдық тәрбие деген балаларды бірлестіріп, ұйымдастырып тәрбиелеу, барлығына бірдей қарап, бірдей әсер ету емес, әрбір баланың жеке өзгешеліктерін біліп соған үйлестіре тәрбиелеу, әрбір баланың бойына біткен мүмкіншіліктерін жарыққа шығаруға әрекет ету, әрбір баланың ұжымдағы орнын тауып беру болады. Ұжымдық тәрбиенің мақсаты – мен-міндікке, жеке даралыққа жол бермеу, баланың қоғамдағы орнын тауып беріп, қоғамның игілігі үшін бірлестік еңбек ете алатын қоғамшыл адамдарды тәрбиелеп шығару. Бұл мақсатты А.С. Макаренко өзінің колониясының тәжірибесінде іс жүзіне асыра алды.
Л.И.Новиканың ұжымның қалыптасуын кезеңдеуі:
Бірінші кезең Ұжымның бірігу кезеңі
Екінші кезең Ұжымның барлық оқушыларды тәрбиелеу құралына айналуы
Үшінші кезең Әлеуметтік тәжірибені түзету және әр тәрбиеленушінің шығармашылық даралығын дамытудың ұжымның қамқорлығына айналуы
Ұжым дамуының барлық кезеңдері мен сатыларында үлкен және кіші дәстүрлер қалыптасып, нығаяды. Дәстүрлер мінез-құлықтың жалпы нормаларын қалыптастырады, ұжым өмірін жандандырады. Үлкен дәстүрлер – бұл үлкен жаппай өткізілетін шаралар, олрды дайындау балаларда өз ұжымы үшін мақтаныш сезімін, ұжым күшіне сенімін, қоғамдық пікірді сыйлау сезімін тудырады. Кіші, күнделікті қолданылатын дәстүрлер өз көлемі, аясы жағынан аз ауқымдықамтыса да олардың тәрбиелік маңызы өте жоғары.
Тапсырмалар:
1 тапсырма. Ұжымның тәрбиелік қызметін ұйымдастырудың қандай тиімді формалары
бар, оны мысалмен түсіндіріңіз.
Кейінгі жылдары зерттеу жұмыстары тәрбиелік ұжымдарды тиімді ұйымдастыру, құру, ұжымдық іс-әрекетті ынталандыру принциптері мен әдістерін жасау, ұжымның тәрбиелік қызметінің дамуы сынды бағыттарда жүргізіліп келеді.
Тәрбиелік ұжымның қазіргі кездегі тұжырымдамасы (Т.А. Куракин, Л.И. Новикова, А.В. Мудрик) ұжымды қоғамның өзіндік моделі ретінде қарастырады. Ал балалар ұжымы қоғамның бүгінгі күнгі қатынастары мен оның болашақтағы даму тенденцияларын көрсететін қоғам моделі ретінде көрсетіледі.
Ұжым және жеке адам мәселесі қазіргі заманның ең өзекті мәселелерінің бірі болғандықтан, педагогика ғылымының да басты мәселесі болып отыр. Адамды ұжымда тәрбиелеу идеялары қоғамның даму заңдарына жауап береді.
Ұжым теориясына Н.К. Крупская, А.В. Луначарский, А.С. Макаренко, С.Т. Шацкий, В.А. Сухомлинский, т.б. ұлы педагогтар өз үлесін қосты.
Н.К. Крупская, А.С. Макаренко балаларды ұжымда тәрбиелеу теориясы мен тәжірибесінің негізін жасай отырып, жасөспірімдерді жастайынан бірлесіп ынтымақта өмір сүруге, еңбек етуге үйрету керек деп ой түйеді. Н.К. Крупская 1926 жылы Көркемдікке тәрбиелеудің міндеттері туралы атты еңбегінде: Қазіргі тәрбие ісінің көлемді міндеттерінің бірі – балаларды ұжым болып жұмыс істеуге және ұжым болып өмір сүруге үйрету, – деп атап көрсетті.
Ұжымдық іс-әрекетте әрбір оқушының іс-әрекеті басқалармен тығыз байланыста болады. Мұндай жағдайда ұжымшылдық сезімі туады. Бұл қарым-қатынас басқаның ісіне енжарлық туғызбай, керісінше бір-біріне көмектесуі, өз жолдасының ісіне қуану, ренжу, мақтану, намыстану сияқты әртүрлі сезімдер мен қатынастар жүйесін туғызады. Адамның көңіл-күйінің тәрбиелік мәні арта түседі.
А.С. Макаренко ойынша нағыз шын ұжым, мейлі ересектер, мейлі балалар ұжымдары болсын қоғамның бір мүшесі болып есептеледі.
В.А. Сухомлинскийдің пікірі бойынша әрбір бала тәрбиесі ұжымдағы негізгі тәрбие құралы болады. Балалар мен тәрбиешілер арасындағы рухани қарым-қатынас ұжымдық қатынастың даму процесі деп есептелген.
Ұжым дамуы және құрылуы ұзақ әрі күрделі процесс. Ұжым болып қалыптасуы үшін топ бірнеше кезеңдерден өтуі керек. Педагог ғалымдар оның бірнеше жіктеуін көрсетеді. А.С. Макаренконың ұжымның құрылуы мен дамуын кезеңдеуде талапты басты көрсеткіш етіп алуын төмендегі кестеде берілген.
2 тапсырма. Ғалымдарың еңбектеріндегі ұжым теориясының дамуына тарихи шолу
жасаңыз.
Ұжым жан — жақты тәрбие берудің аса маңызды құралы. Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский т.б. педагогтардың еңбектерінде ұжым теориясының зерттелуі және балалар ұжымының қалыптасу процесі, сонымен қатар қазіргі кезеңдегі ұжым проблемалары туралы теориялық және практикалық мәселелерді ашып көрсету және түсіндіру.
3 тапсырма. Өзіңіздің оқу тобыңызға ұжым тұрғысынан сипаттама беріп, оның психологиялық жағдайын психологтардың берген сипаттамасына қарай талдаңыз.
Заманауи мектептің тәрбие үдерісіне педагогикалық қолдау
6
Сұрақтар:
1. Педагогикалық қолдау технологиясының мәні.
2. Тәрбие жүйесінде педагогикалық қолдау технологиясын қолдану ерекшеліктері.
3. Педагогикалық қолдаудың әдістері мен тәсілдері.
4. Педагогикалық қолдау технологиясының құралдары мен оның нәтижелігінің
сипаттамасы.
Тапсырмалар:
1 тапсырма. «Педагогикалық қолдау» ұғымының мәнін ашып, ерекшеліктерін көрсетіп «Венн диаграмасын» жасаңыздар.
2 тапсырма. Педагогикалық-психологиялық қолдау технологиясы бойынша қызмет ұйымдастырудың өзіндік әдістері мен ерекше тәсілдеріне байланысты, проблема көтеріп,
- анықталған проблема бойынша жұпта
немесе шағын топта әңгімелесу, ой-толғау;
- «Сенің ойың» – әр оқушының проблеманы
өз көзқарасы, түсінігі бойынша талқылауы;
- «Менің ойым» – көзқарастың, түсініктің
әралуандылығы, бұл жерде проблема
бойынша мұғалімнің көзқарасының да
маңызы өте зор;
- «Белсенді тыңдау» әдісі: анықталған
проблема бойынша тиімді жұмысқа қатысу,
мұғалімнің ақылын, түзетулерін тыңдау
бағытында әзірлеме дайындаңыз.
3 тапсырма. Педагогикалық қолдау
технологиясына бағытталған басқа да
педагогикалық технологиялар глосарийін
жасаңыздар.