*«Саусақ» ойыны-саусақтардың көмегімен қандай да болмасын ертегіні немесе өлең-тақпақ шумағын сахналау болып келеді. Бұл ойын арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашады. Саусақ ойынын ойнай отырып, бала қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды, құстарды және ағаштарды бейнелей алады. Саусақтардың қозғалыс- қимылына қарап бала қуанады, шаттанады, сөзді айтуға тырысады және өлеңдегі үйренген сөз шумақтарын қайталап айтуға талпынып, есінде сақтайтын болады. Саусақ ойындарын жүргізу арқылы баласаусақтарының нәзік қимылдары мен бұлшықеттерінің жетілуімен бірге, олардың сөйлеу тілі мен ойлау қабілеттерін дамытады.