А. С. Пушкин қЫСҚЫ



Pdf көрінісі
Дата15.03.2017
өлшемі44 Kb.
#9803

А.С. ПУШКИН 

 

ҚЫСҚЫ

 КЕШ 

 

Кешкі аспанда алай-түлей 

Соққан боран көк дүлей; 

Кейде ұлиды аш бөрідей, 

Кейде жылап сəбидей. 

 

Тозған лашық қамысындай 



Суылдайды кей уақыт; 

Түн қатқан бір жолаушыдай 

Қағады əйнек бейуақыт. 

 

Əрі мұңды, əрі күңгірт 



Баспанамыз кеш құрым; 

Алдында əйнек болып жым-жырт 

Неге отырсың кемпірім. 

 

Əлде, досым, қажыдың ба, 



Боран ұлып, бұйығып? 

Əлде, талып қалғыдың ба, 

Ұршығыңды иіріп? 

 

Кел, ішелік осындайда, 



Жарлы жастық серігім; 

Ішелікші, кружка қайда? 

Бір тарқасын шер бүгін. 

 

Жырлашы бір, көк шымшық құс 



Теңіз жайлап қалғанын; 

Жырлашы бір, жас мұңылық қыз 

Ертемен су алғанын. 

 

Кешкі аспанда алай-түлей 



Соққан боран көк дүлей; 

Кейде ұлиды аш бөрідей, 

Кейде жылап сəбидей. 

 

Кел, ішелік осындайда 



Жарлы жастық серігім; 

Ішелікші, кружка қайда? 



Бір тарқасын шер бүгін. 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет