А.С. ПУШКИН
ҚЫСҚЫ
КЕШ
Кешкі аспанда алай-түлей
Соққан боран көк дүлей;
Кейде ұлиды аш бөрідей,
Кейде жылап сəбидей.
Тозған лашық қамысындай
Суылдайды кей уақыт;
Түн қатқан бір жолаушыдай
Қағады əйнек бейуақыт.
Əрі мұңды, əрі күңгірт
Баспанамыз кеш құрым;
Алдында əйнек болып жым-жырт
Неге отырсың кемпірім.
Əлде, досым, қажыдың ба,
Боран ұлып, бұйығып?
Əлде, талып қалғыдың ба,
Ұршығыңды иіріп?
Кел, ішелік осындайда,
Жарлы жастық серігім;
Ішелікші, кружка қайда?
Бір тарқасын шер бүгін.
Жырлашы бір, көк шымшық құс
Теңіз жайлап қалғанын;
Жырлашы бір, жас мұңылық қыз
Ертемен су алғанын.
Кешкі аспанда алай-түлей
Соққан боран көк дүлей;
Кейде ұлиды аш бөрідей,
Кейде жылап сəбидей.
Кел, ішелік осындайда
Жарлы жастық серігім;
Ішелікші, кружка қайда?
Бір тарқасын шер бүгін.