Ақ Сарбаз Әлемі. indd



Pdf көрінісі
бет15/109
Дата19.01.2023
өлшемі3,4 Mb.
#61959
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   109
АҚ САРБАЗ ІЛІМІ
Каналды ашып, Ұстаз жазған қос кітаптың аудиофайлы 
мен, бейнесұхбаттарды түгел жүктеп шыққанша 10 күн өтті. 
Арасында естеліктерді де жазып үлгеріп жатырмын.
«Қазынам бар.
Біреуге берсем бе екен?!
Өкпелейді-ау бермесем,
Берсем, бөтен.
Бар байлықты қойныма тығып алып,
Әлде мына құмдардай өлсем бе екен!?» – деп Мұқағали 
айтпақшы, менің 28 жыл бойы басқамен бөлісе алмай, тең 
ойлымен жарқырап көрісе алмай келген қараңғы мезгілім 
аяқталып, Жаңа Дәуірдің таңы ата бастағанға ұқсайды. Бұл – 
мен әу бастан құлай сенген Алтыншы Сатының таңы еді.
Алтыншы сатының – Мейірім мен Махаббат Дәуірінің 
алғашқы қолдаушылары Қазақ Әйелі, Қазақтың Ару Қыздары 
болуы заңдылық еді. Бұл топтың басында тұрған Жанат Бақыт 
есімді қарындасыма зор алғыс айтамын.
Желтоқсанда қаратүнектің ғасырлар бойы қатпарланған 
құрсауын жарып шығып, Адамзаттың қара кармасын өздерінің 
әппақ арымен аршып, құрбан боп кеткен қазақтың ару 
қыздарының екінші толқыны – рухани білім іздеген жаңа 
толқыны маған қарай қозғалып келе жатты.
Әуелгіде каналға тіркеліп жатқан өңкей әйел адамды көріп 
шошып кеттім. Қапырық ыстықта саумал бұлақтың бастауында 
рахаттанып отырғанда үстіңе сусаған бір отар қой жабылып 
кетсе, не болатынын білем ғой. («Ешкім ренжіп қалмауы 
үшін: «бұлақ басында рахаттанып тұрған есектің үстіне» деп 
айтайыншы)
«Бала жылағанын қойса да, әйел шулағанын қоймайды». 
Бұл жарықтықтар шулап миды ашытып жібермей ме екен? – 
Ұстаз туралы


54
Ақ Сарбаз Әлемі
деп қауіптенгенім рас.
Қазақ халқы Карманың алтыншы деңгейі – Планета 
Кармасын көтеруші болғандықтан қазіргі әр қазақтың басында 
Әлемнің Жүгі тұр.
Ол жүк жақсы адамның жүрегін ауыртады, санаға салмақ 
түсіреді, жаныңды кірлетіп, жүйкеңді жұқартып жібереді.
Сол себепті қазіргі қазақтың жүйкесі әбден жұқарған. Әлем 
халықтарының ғасырлар бойы жинаған қара кармасынан 
өздерін қалай тазартуды білмейді.
Алтыншы сатының халқына: «жаныңды кірден тазартып
жолыңды ашамын» деп, осыдан ақша жасаушылар – бесінші 
сатының адамдары боп табылады. Егер ол шын әулие болса 
ақша алмас еді. Олар сіздің жаныңызды тазартуды емес, 
қалтаңызды тазартуды көбірек ойлайды.
Өзіңізден бір саты төмен тұрған рухани саудагерге жем 
болу дұрыс па?
Біз жаңа мемлекетті енді құрғалы жатырмыз. Мемлекет 
мықты болуы үшін оның ұлттық идеясы болу шарт.
Ол – Тәңірлік Сенім мен көне дәстүрімізге қайтып оралу. 
Тәңірлік Сенімнің XXI ғасырдағы рухани өзегі – Ақ Сарбаз Ілімі.


55


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет