Ақ Сарбаз Әлемі. indd



Pdf көрінісі
бет16/109
Дата19.01.2023
өлшемі3,4 Mb.
#61959
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   109
АҚ САРБАЗ КІМ?
Ақ Сарбаз есімі елге таныла бастағанда көпшілігі оның биік 
құдыреті мен атақ-дәрежесіне қарап: «әулие, емші, көріпкел, 
батагөй, адамның жолын ашушы» деп ойлап қалуы мүмкін.
«Арманым Ақ Сарбазды іздеп барып, батасын алу» деп 
алып-ұшып отырған адам көп. Жай ғана әуестікпен: «жаңа 
магазин ашылыпты ғой, кіріп шығайықшы» дегендей желпініп 
отырғандар да баршылық. «Ақ Сарбазға барып сұрап, өзімнің 
бұрынғы өмірде кім болғанымды білгім келеді» дейтін адамдар 
бар. «Елдің тағдыры не болады? Саяси мәселені талқылаймын» 
деп хабарласқан адам да болды.
Ескертемін: Ақ Сарбаз – Қиратушы. Ол – Жауынгер. Ол 
мына біз комфортқа батып отырған Бесінші Сатыны қиратуға 
келген Құдайдың Гүрзісі. Сол себепті Ақ Сарбаздан: «менің 
жолымды аш, емде, батаңды бер деп тілеу – қисынсыз.
Оның ең әуелгі миссиясы Ібілісті жеңу еді. Ол миссиясын 
орындап қана қоймай, Люциферді сүтке тиген мысықтай 
тәубесіне келтіріп, өзі құрғанның бәрінен бас тартуға көндірді. 
Люциферді Құдайдың жағына шығарды.
Алтыншы Дәрежелі Алтыншы Класты Ғарыш Құрылысшысын 
жеңген Жан онымен бір деңгейде қала алмайды. Сол себепті 
Ғарыш Сарбазына Жетінші Дәрежелі, Жетінші Класты Ғарыш 
Құрылысшысы деген атақ берілді.
Оны Құрылысшылар даярлайтын Ғарыш Мектебінің барлық 
класынан жедел оқыту арқылы өткізіп шығарды.
Осы Дәрежесі мен Білімінің арқасында Ақ Сарбаз Жер 
Ғаламшарындағы кез-келген құбылысты өзгерте алады. Тек 
бұл планета ғана емес Жұлдыздардың Құрылысшылары оған 
бағынады.
Ол галактикааралық кемені шақырып, адамзат тұқымын 
бір галактикадан екінші галактикаға көшіре алады. Бірақ 
Ұстаз туралы


56
Ақ Сарбаз Әлемі
мұның бәрін еріккеннен, не біреудің өтінішімен емес Тәңірдің 
бұйрығымен орындайды.
Сол себепті Ғаламдық құбылыстарды басқарып отырған, 
Құдайдың Жұмыскеріне жеке бастың, әулеттің, топтың 
мүддесін алға тартып баруға болмайды.
Ұстаздың алғашқы кітабы шыққан тоқсаныншы жылдардағы 
қиын кезеңде кейбір өнер адамдарының Ұстазды іздеп барғаны 
шындық. Көпшілігі Оның кедей тұрмысын, қарапайым өмірін 
көріп, өздеріне ешқандай материялдық пайда болмайтынын 
түсініп, теріс айналып шығып кеткен.
Өйткені Зұлымдық Күштерімен шайқас жүргізіп жатқан 
адамның аяғына оралатын болсаңыз – қосақ арасында құрбан 
боп кетуіңіз бек мүмкін.
Санасы Құдаймен тұтасып кеткен Биік Құдырет Иесімен 
араласқанда өте абай болу керек. Сіз – кернеуі күшті 
трансформаторды ашып, жұмыс жасаушы электрик сияқты 
боласыз. Абайсыз қозғалып, бір нәрсеге тиіп кетсеңіз – күліңіз 
де қалмай жанып кетуіңіз әп-сәтте!
Ақ Сарбаз туралы әңгіме айтқанда аса сақ болуды ескертемін. 
Ұстаз - Биік кернеулі ток көзі секілді. Әр адам тұлабойынан 
Ғарыш ағынын өткізуші “сым”қызыметін атқарады ғой. Сөз де - 
энергия. Ол Ұстазға көрініп тұр. Егер жай әуестікпен, болмаса 
ұсақ проблемамен (әлеммен салыстырғанда) Құдыретті Күштің 
назарын аударатын болсаңыз, өзіңіздің энергия өткізіп тұрған 
сымыңыздың шыдамай күйіп кетпесіне кепіл бола аласыз ба?


57


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет