Ақ Сарбаз Әлемі. indd


ҚЫЗ, КЕЛІН, АНА – ҚАЗАҚ ҰҒЫМЫНДА



Pdf көрінісі
бет48/109
Дата19.01.2023
өлшемі3,4 Mb.
#61959
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   109
ҚЫЗ, КЕЛІН, АНА – ҚАЗАҚ ҰҒЫМЫНДА
«Ақ Сарбаз» кітабында болашақ алтыншы сатының 
мейірімділік принципін дамыту әйелдің қолында екені 
жазылған.
Адам эволюциясының тез дамуы әйелдің ақылдылығына, 
мейірімділігі мен өнегелі әдептілігіне, ісмерлігіне байланысты 
екенін бұрынғылар жеріне жеткізе айтып кеткен. Әйел туралы 
мақал-мәтел, өлең-жыр, аңыз-ертегі, шежіре-сыр тұтас бір 
ғылым десек асыра айтқандық емес. Бұрынғының небір 
білікті билері, айтқыш ақындары ақылға дана ару жарды 
армандап, әйелдің асыл қасиетіне бас иген. Қазақ қауымында 
әйел тәрбиелеудің арнаулы академиясы болған. Осы ауыл 
академиясын жақсы меңгеріп, сыннан сүрінбей өткен әйел 
ауылының атағын шығарған, аймағын сүйсінткен айтулы 
тұлғаға айналған. 
Тегінде қазақ әлемдегі барлық жақсы қасиетті – сұлулық 
пен сымбатты, ақыл мен әдепті, парасат пен пәктікті, инабат 
пен ұяңдықты, мейірім мен шуақты, жігер мен іскерлікті, 
байсалдылық пен батылдықты бәрін-бәрін әйел бойынан 
көруге тырысқан. Әйелге тағылар сынның көп болуы да 
сондықтан болса керек. Бабаларымыздың жүрегі болашақтағы 
әйелдің Құдайға бастаушы қасиетін сезген-ау деген ой келеді 
осындайда.
Көшпенділер өмірінде әйел басынан өткізер айтулы үш 
кезең бар:
Біріншісі – қуыршақ ұстағаннан қыз қууға қатысқанға 
дейінгі еркін, ерке әке үйіндегі кезең. Бұл жердегі қыздың 
ұстазы анасы мен жеңгесі болмақ. Ісмерлік, әдептілік, ұяңдық 
қасиеттердің қалыптасуы шарт. Сөз өнері мен ән-күйге, би 
өнеріне ат салысуға қызға толық еркіндік беріледі.
Екінші кезең – босаға аттап келін болған кезден бастап енші 


139
алып бөлек шыққанға дейін. Әйел өмірінің ең бір сыналатын, 
әйел рухының барлық ұлы қасиеті сарапталып жарқырап 
көрінуге тиіс кезеңі осы. Бұл жердегі келіннің ұстаздары енесі 
мен абысыны болмақ. Келін тек ата шаңырағының ғана емес 
бүкіл ауылдың алдында сыннан өтпек. Келінді келген қонақ та 
сынауға ерікті.
Адам эволюциясына ең қажет төзімділік пен жігерді, іскерлік 
пен мейірімді дамытып шыңдайтын жол осы.
Ата-енесін жақсы күтіп ақ батасын алу, қонақтың көңілінен 
шығып алғысқа бөлену, және бұйырушы емес, орындаушы 
болу әйелге тек қана жақсы карма жинап болашағының 
берекелі, құтты болуына жол ашады.
Әйел өмірінің үшінші кезеңі – Ана болып отағасымен дербес 
өмір сүрген кезден әжелік өмірінің ақырына дейін. Әйел енші 
алып бөлек тұрса да «пәленшенің келіні» атанбақ. Сондықтан 
ата даңқына кір келтірмеуі тиіс. Әйелдің эволюциялық басты 
міндетінің бірі – бала табу және өнегелі, үлгілі етіп тәрбиелеу. 
Бұл жерде келін кезіндегі енесінен үйренген өнегені 
басшылыққа алып, өз алдына қонақ шақырып, қыз ұзатып, 
келін түсіруге ерікті.
Қазақ халқының қасиеті мен киесін рух бойына шым-
шымдап дарытар осынау ауыл академиясының бағасын біліп, 
бағытымызды түзейтін сәт жетті.
Әйел туралы


140
Ақ Сарбаз Әлемі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет