Ақ Сарбаз Әлемі. indd



Pdf көрінісі
бет96/109
Дата19.01.2023
өлшемі3,4 Mb.
#61959
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   109
МЕЙІРІМДІ БОЛУДЫҢ АҚЫРЫ
Ертеректе басымнан мынандай қызық оқиға өтті. «Елдің 
бәрі бизнес қуып, материялды баюды мақсат етіп кетті. 
Мейірбандық жолды ұстанып, айналасына шуақ шашып жүрген 
адам аз. Мен неге мейірбан боп айналама шуақ шашпаймын» 
деген ой келді бір күні шақша басыма.
Содан: «ертеңнен бастап айналама мейірім шуағын төгетін 
болам» деп шештім де образға кіре бастадым.
Жаңа образым өзіме ұнап қалды. Кеудемді себепсіз қуаныш 
билеп, сыртта мал қорамның үстінде өз-өзімнен мәз боп 
малыма шөп салып жүрген болатынмын. Қыс ортасы.
Кенет біреу атымды атап дауыстайды. Қарасам осы жерден 
күнде өтіп малын суаруға айдап жүрген ауылдас ағамыз екен.
Бұрын бес бересі алты аласы жоқ адам аяқ астынан мені 
неге керексініп қалды? – деп ойлаймын.
– Жәке, шөбім азайып қалды. Маған екі қапшық жем берші 
– дейді әлгі ағам әй-шай жоқ.
О, сұмдық! Менің «мейірімді болам» деген ойым айналамдағы 
адамдарға әсер етіп, олар автоматты түрде менен көмек 
сұрауға көшіпті!
Ең сорақысы, жем өзіме жетпейтінін біле тұра мен сұрағанын 
беріп қоя бердім. Алдында ойлап тастаған ойлардың күші 
осыған мәжбүр етті.
Осыдан кейін: «қой, әулие сияқты шуақ шашу маған қол 
емес екен. Отбасымды асырап, қонағымды қарсылап тыныш 
қана жүрейін» де-еп адамды көп жақындатпайтын суықтау 
образыма қайта оралдым ғой...
Рухани ізденіс


300
Ақ Сарбаз Әлемі
МЕНШІК
Меншік деген не?
Меншік – біздің Рухымыздың қандай дәрежеде екенін 
көрсететін көрсеткіш!
Кәне, өз меншігіңізде не бар екенін ойлап көріңізші.
«Өзімдікі деген бұрын ұстайды» дейді қазақ. Бір нәрсені 
«менікі» деп меншіктеу Үшінші Сатыдан басталған. Өйткені 
Үшінші Сатыда Рух ұжымдық санадан бөлініп, өзін шыңдау үшін 
Эгосын өсіруі тиіс болды. Меншіктеу осылай пайда болды. (ит 
екеш ит те мүжілмеген сүйекті оңаша апарып көміп жатады 
ғой)
Бірте-бірте жеке меншік көбейді. Адамның тойымсыз эгосы 
дүниенің бәрін жалмап жұтса да тоймайтын боп күшейді. Затты 
меншіктеу былай қалып, тұтас елді, материкті меншіктеп, 
отарлау орын алды.
Қарап отырсаңыз әлемдік қырғын да, екі адамның 
арасындағы талас-тартыс та меншікті бөлісе алмаудан туады.
Сәби кезіңізде сіз ойыншығыңызды меншіктейсіз. 
Ойыншығыңызды бөтен бала ойнап қойса, велигіңізді бөтен 
бала сұрамай мініп кетсе не істер едіңіз?
Отау құрғанда сіз күйеуіңізді не әйеліңізді меншіктейсіз. 
«Менікі ондай», «менікі мұндай» деп сыртынан сынап та 
жатасыз.
Туған балаңыз тіпті «жеке меншігіңіз» болады. «Өзім тудым, 
қаласам өлтіріп тастаймын!» деген жаман сөз ашу үстінде 
шығып кетіп жатады.
Өзіңіз ғана ұстайтын, өзіңізден басқа ешкім батылы барып 
жақындай алмайтын меншікті заттарыңыз болады.
Тіпті біз өз денемізді де жеке меншігіміз сияқты қабылдаймыз. 
Түрлі пластикалық операциялар жасатып түрімізді өз 
қалауымызбен өзгертуге тырысамыз.
Ал, енді ойлайықшы. Шын мәнінде Әлем кімнің меншігі? Біз 


301
өзіміз Кімге тиесіліміз?
Баламыз шынымен бізге тиесілі ме?
Бала деген Эволюциялық даму құқығы бар Рух емес пе? 
Ол бізге аманатқа берілді! Оны асырап-сақтап, дұрыс тәрбие 
беріп, әрі қарай дамуына еркіндік беруге міндетті емеспіз бе?
Біздің жарымыз Эволюциялық даму жолындағы Жан емес 
пе? Оны өзіміз қалағандай қылып емес, өз Рухы қалағандай 
қылып дамуына мүмкіндік бергеніміз жөн шығар?
Шатасқан кармамызды жазу үшін біз Эгомызды ауыздықтап, 
бірте-бірте меншіктен бас тартуды үйренуіміз керек.
Ертеде көрші ауылдың бір кемпірі балаларына:
– Өзіңдікін бос ұстасаң – кісінікін қоса ұстайсың. Өзіңдікін 
берік ұстасаң – кісінікін неге ұстайсың?! – деп ұрсады екен.
«Сенікі-менікі» демей тонның ішкі бауындай араласып 
кету, аяқ-табақтың араласуы, «ағайын арасында бір тай әр-
бері жүре беретіні» қазақта бұрыннан бар дәстүр. Киіз үйіне 
кілт салмайтын, «бір нәрсені алсаң, орнына әкеліп қойып 
кет» дейтін кеңқолтық қазақы тірлік – ортақ игілікті көздейтін 
ізгі қоғамға қарай әкеле жатқан қалыпты эволюциялық жол 
болатын.
Дүниеге байланбай иелік ету дегеннің өзі осы еді.
Отырықшы халық көшпендіге қарағанда меншікке көбірек 
байланатыны белгілі.
«Сендер кәпірсіңдер! Мешіт салып Аллаға құлшылық 
қылмайсыңдар – деп кінәлаған өзбекке Қажымұқан палуан:
«Біздің мешітіміз мына жерде – деп өзінің кеудесін көрсетіпті, 
– мешітті салып алып, көшкенде сосын түйеге артып жүреміз 
бе? Біздің жүгіміздің ең ауыры – қазан! Көкірегіміз таза болса, 
Құдай бізді адастырмас – деген екен.
Әулие Шыңғысхан бабамыз ел бірлігі жарасқан Алтыншы 
Сатыны күшпен орнатам деп Әлемді жаулап келе жатқанда 
салтанатты мешіт үйін көріп таңырқап, ішіне кіріп отырып, 
қымыз алдырып ішіпті дейді.
– Бұл қай әміршінің үйі? – деп сұрапты.
– Бұл – Құдайдың үйі – деп жауап беріпті имамдар. 
Шыңғысхан езу тартып күліпті:
– Күллі Ғаламның бәрі Құдайдың үйі емес пе? Сендер бір 
Рухани ізденіс


302
Ақ Сарбаз Әлемі
үйді әдемілеп Құдайға салып қойып, қалған жерді өздерің 
меншіктегілерің келе ме?
Қағанның бұл сөзіне имамдар ештеңе айта алмай, тосылып 
қалған екен.
Көшпенді халықтың меншік туралы ұғымы қашан да 
отырықшыдан биік тұрған.
Алтыншы Сатыда Адамзат санамен бірігеді.
Бұл қасиет – ортақ игілікті ойлауға алып келеді.
Ортақ игілікті ойлаған сайын адам айналасына шуақ шаша 
бастайды.
Меншік деген ұғым бұрынғы мәнінен айырылып, басты 
құндылық болудан қалады.
Біздің шын мәніндегі мәңгілік меншігіміз – жанымызға 
ғұмырлар бойы жинаған жақсы-жаман қасиетіміз ғана.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет