139
Буынды түзетін сүйек беті айнадай жылтыр
гиалинді шеміршек
қабатымен
жабылған
.
Бұл қозғалған кезде үйкелу мен соққыны азай-
тады. Сонымен қатар буын ойпаңы
ұлпаларының жасушалары мен
сүйектің басы ағзаның өсуі кезеңінде сүйек жасушаларының ұзынынан
өсуін қамтамасыз етеді.
Буынқабы
дәнекер ұлпасынан тұрады. Ол өзінің шеті арқылы түзуші
буын сүйектерінің бетіне бірігіп өседі. Буын қабы арқылы буынның
герметикалық жабық кеңістігі –
буын саңылауы
түзіледі. Бұл –
буын
сұйықтығына
толы қуыс.
Буын сұйықтығы
майлағыш қызметін атқарады. Ол гиалинді
шеміршек сияқты үйкелуді азайтады және қозғалған кезде сүйектің бу-
ынды бетінің жылжуын қамтама сыз етеді.
Буын беті арасындағы тар
қуысты толтыратын буын сұйықтығының мөлшері өте аз. Мысалы, тізе
буынында орташа 3–3,5 мл
буын сұйықтығы болады. Жаттыққан спорт-
шыда оның мөлшері 5 мл және одан да көп болуы мүмкін.
Буынбайламы
– сүйектерге бекитін тығыз талшықты ұлпа шоғыры.
Олар ішкі және сыртқы болуы мүмкін. ішкі байламдар буын сүйектерінің
ойпаңы мен басының бетіндегі буын шеміршектерінің өсінділері болып
табылады. Ал сыртқы байламдар – буын қабының өсінділері. Олар буын
арқылы өтіп, оны түзетін сүйектерді орап байланыстырады. Буын бай-
ламдары сүйектердің беку беріктігін арттырып қана қоймай,
қозғалу
амплитудасын шектейді. Осылай буын басының буын ойпаңынан шығып
кетуіне кедергі келтіреді. Буындағы қозғалысты буынды түзетін әртүрлі
сүйектерге бекитін бұлшық еттер жүзеге асырады.
Қозғалмайтын, жартылай қозғалатын, қозғалмалы, сүйек
жігі, еңбек, үлкен еңбек, қозғалмалы байланысу, буын, буын
беті, ойпаң, сүйектің басы, буын қабы, буынішілік байлам,
буынсұйықтығы,гиалинді,буынсаңылауы,буынныңшығуы.
Достарыңызбен бөлісу: